Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.85

Ресейде тәулік ішінде тіркелген коронавирус оқиғасы рекородтық көрсеткішке жетті

Өткен тәулікте Ресейде COVID-19-ды жұқтырғандар саны бұрынғыдан көп тіркелді. Бұл туралы Жедел шатаб хабарлады.

26 сәуірде Ресейде індет басталғалы бері коронавирусты жұқтырған 6 361 адам анықталды. Бұған қоса, Санкт-Петербургте екінші дәрігердің вирустың салдарынан көз жұмғаны белгілі болды. COVID-19-дың кесірінен Александров ауруханасының нейрохирургия бөлімшесінің меңгеруішісі Алексей Филиппов қайтыс болды.

Ресейде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 80 949 адамды құрап отыр, қайтыс болғандар саны — 747. Вирус бұл елдің барлық 85 өңіріне таралған. Сонымен қатар, 517 науқас бір тәулікте ауруханадан шығарылған, ал пандемия басталғалы Ресейде 6,7 мыңнан астам адам ауруынан айығып шыққан.
 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала