Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Маңғыстауда коронавирустан әскери қызметкер көз жұмды

Маңғыстау облысында коронавирустан әскери қызметкер  көз жұмды. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифинг барысында облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Е.Сыдыманов мәлім етті.

Қайтыс болған азамат - Мұнайлы ауданындағы Батыр ауылының 40 жастағы тұрғыны.

«Ол 20 сәуір күні ыстығы көтеріліп, қатты ауырған соң жедел-жәрдемге хабарласқан. Оның жедел-жәрдем шақыртқанға дейін үйінде бір аптадай ауырғаны анықталды. Бірден карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. Сөйтіп, Covid-19 вирусын анықтайтын тест тапсырады. Алғашқы рет тест нәтижелері теріс болған. Екінші рет тест нәтижелері оң болып, науқастан ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Әскери қызметкер Ақтау қаласын дезинфекциялау жұмыстарына қатысқан екен. Марқұмның артында әйелі мен 5 баласы қалды», делінген хабарламада.

www.coronavirus2020.kz сайтының мәліметінше, COVID-19 вирусынан барлығы 25 адам көз жұмды.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала