Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.85

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 369-ға жетіп, үш адам көз жұмды

Жедел штабтың мәліметінше, көз жұмған үшінші адам Қарағанды қаласында 62 жастағы ер адам жақында екі жақты пневмониямен жұқпалы аурулар ауруханасына өте ауыр жағдайда жатқызылған. Бұған дейін ол медициналық көмекке жүгінбеген. Реанимацияда оған белгіленген қауіпсіздік хаттамасына сәйкес барынша көмек көрсетілді. Өкінішке орай, дәрігерлердің көмегі науқастың өмірін сақтап қала алмады, ол таңғы сағат 7-де қайтыс болды.


Елімізде коронавирус жұқтыру бойынша барлығы 369 жағдай тіркелген. Олардың ішінде:

Нұр-Сұлтан қ. – 184,

Алматы қ. – 84,

Қызылорда облысы - 24,

Атырау облысы - 16,

Ақмола облысы - 16,

Қарағанды облысы - 14,

Алматы облысы - 8,

Түркістан облысы - 5,

Жамбыл облысы - 3,

Ақтөбе облысы - 3,

СҚО - 3,

Шымкент қ. - 3,

ШҚО - 2,

БҚО - 2,

Павлодар облысы - 1,

Маңғыстау облысы - 1.

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала