Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

АБЗАЛ НҮКЕНОВ — ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Абзал Нүкенов — Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. «Қазақпарат» агенттігінің хабарлауынша, оны ұжымға актив жиынында аймақ басшысы Ерлан Қошанов таныстырған. Бұқарамен қоян-қолтық жұмыс істеуде тәжірибесі мол, ұлтқа жаны ашитын азаматтың орталық өңірінің идеологиясын түлетеріне сенім мол.    

«ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Абзал Нүкенұлы облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол әлеуметтік сала мен ішкі саясатқа жауап береді. Оған білім, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт саласы, тіл саясаты, ішкі саяси тұрақтылық пен конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету мәселесі, жастармен және БАҚ-пен жұмыс кіреді», - деді Ерлан Қошанов. Абзал Нүкенұлы бұған дейін елордадағы «Астана» халықаралық ғылыми кешені Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған. 


Нүкенов Абзал Нүкенұлы 1978 жылы 21 маусымда Алматы облысы Ақсу ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «саясаттанушы, саясаттану оқытушысы» мамандығы бойынша аяқтаған. Саясаттану ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 2000 жылы «Отан» Республикалық саяси партиясынан бастаған. 2005 жылдан бастап мемлекеттік қызметке кірісті. 

2011-2016 жылдар аралығында ҚР Президенті Әкімшілігінде Қауіпсіздік кеңесі Ахуалдық орталығының меңгерушісі болып қызмет атқарған.

2016-2018 жылдары ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі болды.

2018 жылдың тамыз айынан қазіргі уақытқа дейін «Астана» халықаралық ғылыми кешенінің Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Суреттер «Қазақпарат» агенттігі сайтынан алынды. 

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала