Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

«АIQYN» ГАЗЕТІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақ ақпарат нарығында өзіндік орны бара «АIQYN» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы болып танымал жүргізуші «Болашақ» бағдарламасының түлегі Нұрмұхамед Байғара тағайындалды. Оны басылым ұжымына «Nur Otan» партиясының хатшысы  Әлібек Әлденей  таныстырды.

Газетті 10 жылдан астам басқарған бұрынғы басшы Нұртөре Жүсіп бір ай бұрын Президент Жарлығымен ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалған болатын. Нұрмұхамед Байғара әсіресе, телеарна арқылы бұқараға жақсы таныс.  «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан шыққан «Алаң» саяси ток-шоуы мен «Жаһан» саяси-сараптамалық бағдарламаласын жүргізген. Соңғы уақыттары  «Egemen Qazaqstan» газеті АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі, одан соң аталған газеттің бас редакторының орынбасары болып қызмет етті. Нұрмұхамед Байғара әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «саясаттану» мамандығы бойынша бітірген, бірнеше жыл бұрын «Болашақ» бағдарламасымен де Ұлыбританияда оқып, Ланкастер университетінде «Жобаларды басқару» мамандығы бойынша білім алған. 

 

Сурет аykin.kz сайтынан алынды.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала