Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

«ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНДАРЫ» АНТОЛОГИЯСЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ЖАСАЛДЫ

«Қазақ поэзиясының інжу-маржандары» антологиясы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей қолдауымен жарыққа шықты. Топтамаға Абай, Шәкәрім, Мағжан Жұмабаев, Ілияс Жансүгіров, Қасым Аманжолов, Жұбан Молдағалиев, Жұмекен Нәжімеденов, Тұманбай Молдағалиев, Қадір Мырзәлі, Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынова, Олжас Сүлейменов және Мұхтар Шаханов сынды, жалпы 13 ақынның шығармалары енгізілген. Тұсаукесер рәсіміне ҚР Парламентінің депутаттары, ғалымдар, ақын-жазушылар, қоғам және мәдениет қайраткерлері, журналистер қатысты. Жиынның тізгінін ұстаған ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мемлекет басшысының бастамасымен көрнекті ақындарымыздың шығармаларынан құрастырылған мұндай топтамаларды жарыққа шығару алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала