Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ТАНЫМАЛ ТЕЛЕЖУРНАЛИСТ МЕЙІРЖАН ӘЛІБЕКҰЛЫ "ЖАМБЫЛ" ТЕЛЕАРНАСЫН БАСҚАРАДЫ

Танымал тележурналист, өзіндік қолтаңбасы бар жүргізуші, соңғы жылдары «Аpta» саяси-сараптамалық бағдарламасын жүргізу арқылы халықтың ықыласына бөленген Мейіржан Әлібекұлы "Жамбыл" телеарнасының басшылығына тағайындалды.   

«Qazaqstan» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбайдың бұйрығымен «Jambyl» облыстық телерадиоарнасының директоры лауазымына тағайындалған Мейіржан Әлібекұлын "Қазақстан" РТРК АҚ Басқарма төрайымының бірінші орынбасары Құрманбек Жұмағали Таразға арнайы келіп, ұжымға тыныстырып, жұмысына табыс тіледі. Ұлттық арнада табан аудармай он жылдан астам еңбек етіп келе жатқан ол соңғы жылдары арнаның Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы директорының саяси және аналитикалық бағдарламалар өндірісі жөніндегі орынбасары қызметінде болатын. Мейіржан Әлібекұлының медиаменеджер ретінде соны қырынан танылып, биыл құрылғанына отыз жыл толатын телеарнаны жаңа деңгейге шығарарына сенім мол.

Мейіржан Әлібекұлы 1984 жылы туған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультетінің түлегі. Алғашқы еңбек жолын «Аtyray» облыстық телеарнасынан бастады. Әр жылдары «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясында тілші-сарапшы, редактор-жүргізуші, Қазақстан Президентінің журналистік пул тілшісі, шеф-редактор, дирекция директорының орынбасары қызметтерін атқарып, «Жаңалықтар», «Бас тақырып», «Апта.kz» бағдарламасының тізгіншісі болды. ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының иегері, ҚР Ақпарат саласының үздігі. «Халық сүйіктісі» ұлттық жүлдесінің лауреаты, «Нұр Сұңқар» байқауының жеңімпазы.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала