Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ПРЕЗИДЕНТІККЕ ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ ТӨРТЕУІ РЕСМИ ТІРКЕУДЕН ӨТТІ

ӨТТІ

Дәл қазіргі уақытта Орталық сайлау комиссиясы ресми түрде төрт кандидатты тіркеді. Атап айтқанда, 9 маусым болатын саяси аламанға қатысатын 4 кандидат дайын. Оларға ОСК арнайы қаулы жобасын дайындады. Қаулы жобасына сай, төртеуін 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс  сайлауында ҚР Президентіне кандидат ретінде тіркеп, тиісті куәлік берді.

ҚР ОСК төрағасы Берік Имашев президенттікке алғашқы кандидат ретінде тіркелген Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс сапарда болуына байланысты  тиісті куәлікті оның сенімді өкілі Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевқа табыс етті. Одан соң 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына  Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық мәдени-әлеуметтік бірлестігі ұсынған Сәді-Бек Түгелді, «Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі ұсынған Амангелді Сатыбалдыұлы Таспихов пен Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынған Дания Мәдиқызы Еспаеваны ресми тіркегені туралы Қаулы жобасы таныстырылып, тиісті кәуліктері берілді. Енді ресми тіркелуге талаптанып жатқан үш үміткер бар. Олар: «Ұлт тағдыры» қозғалысы атынан Әміржан Қосанов, "Ауыл" халықтық демократиялық патриоттар партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков және «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы» атынан Жамбыл Ахметбеков. «Қазақстан Құрылысшылар одағы» атынан бақ сынамақ болған Талғат Ерғалиев додадан өзі бас тартса, «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігі өкілі Жұматай Әлиев тіл эмтиханынан сүрінді.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала