Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Оралда саяжай тұрғындары эвакуацияланып жатыр

БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов оралдықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Ulys.

Жайық өзенінің Орал қаласы тұсындағы қауіпті шегі 850 см болса, 20 сәуір күні таңмен 824 сантиметрге жетті. Мысалы, Курени ауданында тұратындар қала орталығындағы №17, 19, 7 және 21-мектептердегі эвакопункттерге бара алады. 

«Қала Жайық және Шаған өзені бойында барлығы 24 учаскеге бөлінген. Жайық өзені жайылмаларында 100-ден астам бау-бақша серіктестігі орналасқан. Бұған дейін саяжайлардан көшірілген 2 мыңнан астам адам эвакуациялық пункттерде тұрып жатыр. Төтенше жағдай кезінде тұрғындар ақпараттарды облыс және қала әкімдігінің ресми сайттарынан, сондай-ақ әлеуметтік желіде batys_today каналынан таба алады» деді Б.Нарымбетов. 

Еске салсақ, бұған дейін Жайық өзені ернеуінен асып, Оралдағы саяжайлар суға кетіп жатқаныы туралы хабарлаған болатынбыз.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала