Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.85

Қостанай қаласында төтенше жағдай жарияланды

 Қостанай қаласының тасқынға қарсы жедел штабының мәліметінше, Қаратомар су қоймасынан көп көлемде су ағызылуына байланысты, жағдай ушыққан. Тұрғындарды шұғыл қауіпсіз жерлерге көшіру қолға алынды. Бұл туралы «Қостанай таңы» газеті жазды.

Осы жылы, «Қазгидрометтің» болжамы бойынша, ең ірі Жоғары Тобыл және Қаратомар су қоймаларына жалпы көктем маусымында 450-ден 700 млн текше метрге дейін су түсуі ықтимал делінген-ді. Мұның өзі — жылдық орташа 413 млн текше метр межемен алғандағы жорамал еді. Алайда соңғы 2 күнде қос қоймаға 1 млрд текше метр су жиналды. Мамандар мұншалық ауқымдағы суды 1980 жылдан бері көрмегендерін айтып отыр.

Фото: «Қостанай таңы» газеті

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала