Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Қуандық Бишімбаев: Мен ешқандай кешірім күтпеймін

Бүгін Астана өтіп жатқан сот отырысында экс-министр Қуандық Бишімбаев жұбайы Салтанатты асқан қатыгездікпен саналы түрде өлтірді деген айыпты мойындамайтынын айтты, деп хабарлайды Ulys.

«Мен жұбайымның туыстарынан кешірім сұраймын. Әрине мен ешқандай кешірім күтпеймін. Бірақ бұл - менің ішкі міндетім, жан-дүниемнің үндеуі. Сосын мен өзімді жұбайым Салтанатты асқан қатыгездікпен саналы түрде ойластырып өлтірді деген айыпты мойындамаймын», - деді Қуандық Бишімбаев сот отырысында.

Сонымен қатар бүгін сот экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіндегі тараптарға әлеуметтік желіде пікір білдіруге тыйым салды.

Мемлекеттік айыптаушы тараптан прокурор Айжан Аймағанова алқабилер сотының пікіріне әлеуметтік желі арқылы әсер ету қатері бар екенін айтып, ұсыныс білдірді. Ұсынысты судья Айжан Құлбаева қанағаттандырды.

Судьяның айтуынша сот отырысынан тыс әрекеттер отырыстағы алқабилердің пікіріне әсер етуі және қылмыстық істі обьективті қарауға кесірін тигізуі мүмкін.

 USD - 451.75

 EUR - 490.40

 RUB - 4.89

ҚОҒАМ

Бишімбаевқа қатысты сот алқабилердің қатысуымен өтеді

Астана қаласы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты алдын ала тыңдау өтті. Сот залына БАҚ өкілдері бүгін де жіберілмей, онлайн қатысты. Сотқа журналистер онлайн қатысты.

«Қ. Бишімбаевқа қатысты басты сот отырысы 2024 жылғы 27 наурызда сағат 10:00-де Астана қаласы, Кенесары көшесі, 3 мекенжайында алқабилердің қатысуымен өтеді», - деді судья Айжан Құлбаева.

Айта кетейік, 9 қараша күні кешке экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы соққыға жығып, өлтірді деген айыппен ұсталған болатын.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала