Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Назипа Шанаи: Мақсатымыз – жалпыұлттық бірлікті нығайту

Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақтың денсаулығына, жалпы өміріне қауіп төндіретін вейп, насыбай, есірткіге құмарлық, құмарпаздық секілді кеселдермен ымырасыз күрес жүргізу қажеттігін айтқан болатын. Қазіргі қоғамның өзекті проблемасына айналған осынау жат әдеттерден ұрпақты қорғау қажеттігін еліміздегі үкіметтік емес ұйымдар да көтеріп келеді. Солардың бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясының «Аналар» кеңесі.

Осыдан 10 жыл бұрын, нақтырақ айтқанда 2014 жылы құрылған кеңестің бүгінде облыстық, аудандық, жергілікті деңгейдегі, сонымен қатар этномәдени бірлестіктер жанындағы 1 713 бөлімшесі бар. Белсенді мүшелері 13 мың адамнан асады. Кеңес өткені жылы 250 мыңнан астам адам қатысқан 6 мың іс-шара өткізді.

«Мақсатымыз – отбасылық құндылықтарды, қазақстандық бірегейлік пен жалпыұлттық бірлікті сақтап, нығайту, адал азамат тәрбиелеу. Осы бағытта қазақстандық бірегейлікті нығайту үшін мемлекеттік органдарға, азаматтық қоғам институттарына жәрдемдесу, азаматтарды қоғамдық келісім мен бірлік мұндылықтарына төңірегіне топтастыруды міндетіміз ретінде белгілеп алдық. Республикалық және жергілікті деңгейдегі мәселелерді талқылау әрі шешім қабылдау барысында қоғамдық пікірді ескеру, азаматтық қоғам мүддесін білдіру де міндеттеріміздің бірі саналады. Мұнан бөлек, қоғамдық келісімді сақтау, азаматтық бірегейлікті қалыптастыру жолындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы міндеттерінің танымалдығын арттыру және ілгерілету үшін де еңбек етіп жатырмыз», - деді ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясаты жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі, ҚХА «Аналар» кеңесінің төрағасы Назипа Шанаи.

Бүгінде кеңес бірқатар жобаны қолға алған. Олардың қатарында «Темекісіз» қоғамдық қорымен вейптер мен электронды темекі айналымына толықтай тыйым салуға бағытталған жұмысын атауға болады. Кеңес ұйытқы болған «Вейпке тыйым салу» петициясы әлеуметтік желіге салынғаннан кейін қолдаушылардың 20 мыңнан астам қолын жинаған. Қазіргі уақытта осы бағыттағы заң жобасы Сенат қарауында.

«Есірткісіз болашақ» қоғамдық қорымен жасалған меморандум аясында «Жасыл сертификат» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл жоба республикалық барлық дәріханаларында есірткі заттарын төмендетуге бағытталған. Мұнан бөлек, Маңғыстау облыстық сотымен «Отбасылық сот» жобасы қолға алынған. Жоба аясында «Аналар кеңесімен бірге қолайлы құқықтық орта қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізіледі. Осы жобаның нәтижесінде ажырасуға бел буға 20 обасының 11-і бастапқы ниеттерін қайтты және балалары толыққанды отбасында тәлім-тәрбие алып жатыр. Астана, Алматы, Шымкент облыстарының білім басқармаларымен «Қауіпсіздік сағаты» жобасын да жүзеге асырып жатырмыз. Оның аясында ата-аналармен кездесіп, өсіп келе жатқан ұрпақтың, денсаулығына, мінез-құлқына, тәлім-тәрбиесіне кері әсерін тигізетін буллинг, лудомания, есірткі мен вейптерге тәуелділік сияқты қоғамдық өзекті мәселелерін талқылап, шешу жолдарын бірге қарастырамыз», - деді Назипа Ыдырысқызы.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала