Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Алтай Көлгінов Эстонияның Қазақстандағы елшісі болды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Алтай Сейдірұлы 1978 жылы дүниеге келген. Ол А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген.

2001-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі және Бас прокуратура органдарында әртүрлі лауазымда қызмет атқарады. 

2008-2010 жылдары - «АлашМедиаГрупп» ЖШС бас директорының орынбасары. 

2010-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды. 

2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 

2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі қызметінде болды. 

2016 жылдың 26 наурызынан Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды.

2019 жылдың 13 маусымында Астана қаласының әкімі болып тағайындалды.

2022-2023 жылдары Қазақстан премьер-министрінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары қызметін атқарған.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала