Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Су тасқынынан қауіптенген Қоянды кентінің тұрғындары жолды жауып тастады

26 наурыз күні сағат кешкі 8 кезінде елорда маңындағы Қоянды кентінің 50-ге жуық тұрғыны әкімдік алдындағы жолды жауып тастаған, деп хабарлайды Ulys Целиноград ауданы әкімдігіне сілтеме жасап.

«Тұрғындар билікті су тасқыны шараларына назар аударту үшін жолды жапқан. Оқиға орнына Ақмола облысы Целиноград ауданының әкімі Бақытбек Оспанбеков пен облыстық ТЖД басшысы Қанат Доспаев барып, тұрғындардың талабын тыңдады. Сағат кешкі 10-дағы жағдайы бойынша барлық жолдар ашылды. Тұрғындар үйлеріне тарап жатыр. Қазіргі кезде кентте су тасқынына қарсы шаралар күшейтілген. Сонымен қатар еріген қар суын бұру және қар шығару үшін 10 арнайы техника жұмылдырылды. 9,5 мың метр су ағатын арықтар тазаланды», - делінген әкімдік хабарламасында.

Әкімдік жолды жауып тастау заң бұзушылық екенін және ол үшін жаза барын ескертті.

 

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала