Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.85

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛІГІНІҢ ЖАҢА БАСШЫСЫ ҚЫРЫМБЕК КӨШЕРБАЕВТЫ ТАНЫСТЫРДЫ

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігінің басшылық құрамымен кеңес өткізіп, жиынға қатысушыларға Президент Әкімшілігінің жаңа Басшысы Қырымбек Көшербаевты таныстырды.

Бұл туралы ақпарат аkorda.kz сайтында шықты.

– Қырымбек Елеуұлын бәріңіз жақсы білесіздер. Ол елімізге белгілі, танымал азамат. Қырымбек Елеуұлы – түрлі басқару орталықтарында жауапты қызмет атқарған тәжірибелі басшы. Мемлекетіміздің даму жағдайын жақсы біледі. Тапсырылған жұмыстардың бәрін жоғары деңгейде атқарады деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігінің халықтың әл-ауқатын арттыру ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, оның қызметінің негізгі басымдықтарын белгілеп берді.

– Біз сайлауалды тұғырнаманың іс-қимылдар жоспары мен басқа да маңызды бағдарламаларды жүзеге асыруға кірісеміз. Президент Әкімшілігі барлық бастамалардың, бағдарламалар мен стратегиялардың мүлтіксіз орындалуына жауап беретініне көңіл аударғым келеді, – деді Мемлекет басшысы.

Кеңес қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

 

 

Сурет akorda.kz сайтынан алынды.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала