Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.85

Ақтауда ер адам балаларының көзінше әйелін ұрып-соққан

Ақтауда ер адам балаларының көзінше әйелін аяусыз ұрып-соққан, деп хабарлайды Lada.kz.

Бейнежазбада көрініп тұрғандай, ер адам әйелінің қолын қайырып, қолымен аузын жапқан. Олардың жанында екі кішкентай бала болған. Ер адам жақын маңда бөтен адамдардың жоқтығына көз жеткізу үшін әйелін босатып жіберген. Сол сәтте әйел күйеуінің соққысынан босап, лифтіге кіреді. Артынан қуып жеткен күйеуі оны лифтіде де ұрып-соққан. Осы сәтте тағы бір тұрғын келіп қалып, әйел күйеуінен лифтіден шығарып жібергенін байқауға болады. 

Облыстық полиция департаменті күдікті ер адамның іздестіріліп жатқанын мәлімдеді. 

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 15 сәуірінде мемлекет басшысы тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтетін заңға қол қойды

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала