Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.85

«Оң қолым бергенді, сол қолым білмесін» - жасырын садақаның сауабы көп

Қазақта «оң қолым бергенді, сол қолым білмесін» деген тамаша тәмсіл бар. Қазіргі кезде бұл тәмсіл өзінің құнын түсіре бастағандай. Бергенін айтпауды сұрайтын, берген садақасы тек бір Жаратушының ризашылығы үшін ғана екендігін айтатын жомарт адамдар бар. Көпке топырақ шашуға болмайды десек те сәл жақсылығы үшін жұрттан ілтипат алғысы келетіндер де бар. Әлеуметтік желі мен ақпараттық технологиялардың көз лестірмей дамуы, көптеген адамның жеке өмірінің көпшілікке жариялы болуына кең жол ашып отыр. Кедей-кепшікке, жоқ-жітікке бір үзім нан берсе де оны әлеуметтік желіге жариялап, осындай жақсылық жасап жатырмын деп жұрттан лайк жинайтын адамдар жетерлік.

Жалпы кедей-кепшікті ренжітпеу, жұрттың көзінше оны ыңғайсыз жағдайға түсірмеу үшін садақаны басқалардан жасырып берген дұрыс қағида. Ол туралы дінімізде де айтылады.

Ашық садақадан жасырын садақаның сауабы көп дейді Ulys тілшісіне Уәлихан имам.

 «Садақа туралы айтқан кезде Қожа Ахмет Яссауи оқиғасы туралы мысалды келтірген дұрыс болады. Баяғыда бір кісі Қожа Ахмет Яссауиге келіп, мен садақа берейін бірақ сауабы көп болуы үшін кімге берейіндеп сұрақ қояды.(сұрайды маған садақа берсем сауабы көп болатын, кімге берсем болады дейді.) Сонда ұстаз кедейге бер - 10 сауап.  Ол кісі жоқ ол аз дейді. Жетімге бер- 100 сауап. Ол да аз дейді. Туысқаныңа бер дейді 1000 сауап дейді, ата-анаңа бер 10 000 сауап. Ол да аз дейді. Құран үйренген шәкірттерге берсе шексіз сауап дейді. Сондай-ақ Пайғамбарымыз өз хадисінде: Жомарт – халыққа, жұмаққа, Алла Тағалаға жақын, бірақ тозақтан алыс. Сараң – халықтан, жұмақтан, Алла Тағаладан алыс, бірақ тозаққа жақын» деген. Сол сияқты, надан жомарт – сараң ғалымнан қарағанда Аса Ұлы Аллаға сүйкімді», - деді Уәлихан ұстаз.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала