Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.85

Тіл жанашыры Руза Бейсенбайтегі психиатриялық мекемеден шықты

Павлодарлық тіл жанашыры, қоғам белсендісі Руза Бейсенбайтегі психиатриялық ауруханадан шықты. Кешеден бері бұл жаңалық қазақ тілді қоғам арасында түрлі пікірлер туындатқан еді. Осыған қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы ресми ақпарат таратты.

Р.Бейсенбайтегінің емдеу мекемесінен шығарылғаны туралы ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратты.

«Орталық дәрігерлері тарапынан науқасқа екі күн бойы ем қабылдау шаралары жасалды. Медицина қызметкерлерінің қарауынан кейін денсаулық жағдайының жақсаруына орай, консилиум шешімімен науқас диспансерлік бақылау ұсынысымен үйіне қайтарылды.
Денсаулық сақтау саласындағы заңнамаға сәйкес, алдағы уақытта науқастың психикалық ауытқулары нашарлап, айналасындағы адамдарға зиян келтіру ықтималдығы қайта байқалған жағдайда, ол емдеуге жіберілетін болады» деп жазылған басқарманың ресми хабарламасында.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала