Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.85

Қардың биіктігі 2 метрге жетеді: Күршім ауданында төтенше жағдай жарияланды

 

Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша, қардың қалыңдығы кейбір жерде екі метрге жетеді.

Қалың қар онға тарта ауылды басып қалған. Халық "үй ауласына шыға алмай отырмыз, азық-түлік таусылуға жақын" деп дабыл қағады. Әлеуметтік желі қолданушылары тебіндегі аттардың омбы қардан шыға алмай жатқан видеосын жариялады. Кейбір ауыл адамдары "өрістегі жылқымыз аман ба, жоқ па, білмейміз" дейді. Әзірге мал шығыны туралы мәлімет жоқ.

"Қазіргі уақытта 24 арнайы техника жолды күреп жатыр. Алайда боран қиындық тудырып жатыр. Ауыл тұрғындарына азық-түлік пен дәрі-дәрмек тікұшақпен жіберілді" деп жазылған Шығыс Қазақстан әкімдігі таратқан ақпаратта.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала