Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.85

Тоқаев Заманбек Нұрқаділовке Алматы облысында ескерткіш орнатуды ұсынды

Биыл белгілі мемлекет қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің туғанына 80 жыл толды. Осыған орай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қайраткердің туыстарына хат жолдады. Хаттың көшірмесін Заманбек Нұрқаділовтің қызы Құралай Нұрқаділова өзінің инстаграм парақшасында жариялады.

«Тәуелсіз Қазақстанның тарихында ел мүддесі үшін аянбай еңбек еткен азаматтар аз емес. Заманбек Қалабайұлы – осындай тұрғырлы тұлғалардың бірі. Ол егемендіктің алғашқы кезеңінде көптеген жауапты қызметті абыроймен атқарды... Ұлт перзенттерінің есімін ел жадында жаңғыртып, еңбегіне лайықты баға беру – ұрпақ парызы. Осы орайда, Зәкеңнің туған жері Алматы облысының Кеген ауданында оған ескерткіш орнату және Алматыдағы тұрғын үйде ескерткіш- тақта ашу қажет деп санаймын», - деп жазылған Президенттің хатында.

Айта кетейік, 2005 жылдың 12 қарашасында Заманбек Нұрқаділов өз үйінде өлі күйінде табылды. Сол кездегі мәліметке қарағанда, екі оқ кеудесіне, біреуі басына тиген. Болған оқиғаның ресми нұсқасы бойынша өз-өзіне қол жұмсаған деп танылды. Ол Алматыдағы «Кеңсай» зиратына жерленген.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала