Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.85

Ұшақта электронды темекі шеккен жасөспірімге айыппұл салынды

Ұшақ бортында темекі шеккен кәмелетке толмаған жолаушы қыздың ата-анасына айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz.

SCAT әуекомпаниясының Атырау – Тараз бағытындағы рейсі ұшып келгеннен кейін Тараз қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері акт бойынша құқық бұзушыны түсіріп алды. Тексеру барысында көлік полицейлері Атырау қаласының 15 жастағы тұрғынын анықтады.

Ол ұшу кезінде ұшақ салонында электронды темекі шеккен. Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған жолаушымен профилактикалық әңгіме жүргізді.

Сақшылар оған темекі шегудің, алкогольді ішімдік ішудің және басқа да қауіпті психотроптық заттардың денсаулыққа зияндылығы туралы айтты.

Сондай-ақ ұшақ бортында қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін түсіндірді. Бұдан бөлек, қыздың заңды өкіліне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК (36 920 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала