Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.85

Алдағы уақытта Жайықтың суы одан әрі көтеріледі - мамандар

Фото: ЖайықПресс

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы Жайық өзеніндегі 24 сәуір сағат 8:00-дегі жағдайды баяндады, деп хабарлайды Ulys.

Атырау облысының Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді:      

Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі су деңгейі 597 см., деңгейдің +10 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 374 см құрайды.

Жайық өзені – Махамбет кентінің гидропостындағы су деңгейі 715 см., тәулігіне + 5 см-ге көтерілу, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 398 см құрайды. 

Жайық өзені - Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі 422 см., тәулігіне деңгейдің көтерілуі +4 см, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 231 см құрайды.

Мамандардың айтуынша, су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіліп отыр.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала