Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.85

«ҰЛТТЫҚ ӨНЕР» ФАКУЛЬТЕТІ АШЫЛДЫ

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында жаңа «Ұлттық өнер» факультеті құрылып, Қазақстандағы жас декан болып «Жігіт сұлтаны» байқауының жеңімпазы, белгілі актер Олжас Ибраев тағайындалды. 

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы  Айдар Қырықбайұлы өз парақшасында хабарлады. Оның жазбасына қарағанда, 2018 жылдың 27 желтоқсанындағы Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы Ғылыми кеңесінің шешіміне сәйкес «Ұлттық өнер» факультеті құрылды. «Дәстүрлі музыкалық өнер» сонымен қатар, «Сәндік – қолданбалы өнер» кафедрасы «Ұлттық өнер» факультетінің құрамына енгізілді.
Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, PhD докторы Асхат Максимұлы Маемиров жаңадан құрылған «Ұлттық өнер» факультетінің деканы Олжас Қанатұлы Ибраевты ұжымға таныстырды.

Айдар Қырықбайұлы сонымен қатар, белгілі журналист Зейін Әліпбектің ҚР Ұлттық музейі директорының кеңесшісі болып тағайындалғанын да жазды. 
Танымал тележурналист Зейін Әліпбек 1973 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін тәмамдаған. 
Танымал қазақстандық журналист түрлі жылдары «Жеті күн» ақпараттық-аналитикалық бағдарламасының жүргізушісі және шеф-редакторы, «Бетпе-бет» және «Yкімет пен әлеумет» бағдарламаларының шығарушы редакторы, «Хабар» агенттігі» АҚ «Хабар» телеарнасының ақпараттық-аналитикалық бағдарламалар дирекциясының директоры, «Хабар» агенттігі» АҚ «Білім және Мәдениет» телеарнасы директорының орынбасары, «Астана ақшамы» газетінің редакциясы» ЖШС бас редакторы-директор орынбасары, «Елорда ақпарат» ЖШС директорының кеңесшісі, ҚР вице-премьері-ҚР ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі, А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бас директорының кеңесшісі қызметтерін атқарды. Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы грантының, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 20 жыл» мерейтойлық медалінің, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала