Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.85

ҚХА өкілдері тасқыннан зардап шеккендерге 110 млн теңгенің көмегін жіберді

Сәуір туар сәттен бері қарғын су халықты әбігерге салып, адам шығындары тіркеліп үлгерді. Биылғы тасқынды Қазақстан тарихында бұрын-соңды болмаған жағдай деп сипаттаушылар бар. Олай дейтіні, елдің бірнеше өңірінде облыстық, аудандық деңгейдегі төтенше жағдай режимі жарияланып, мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Кейбір сақтандыру компанияларының есебі бойынша, халықтың суға кеткен мал-мүлігінің шығыны ғана 6 млрд теңгеден асып кеткен. Сақтандыру компанияларының дерегі құжатқа қатталған, ресми тіркеуі бар дүние бойынша жасалғанын ескерсек, құнтсыз ағайынның суға кетіп, бүлінген дүниесі одан әлдеқайда көп болуы мүмкін.

Соңғы деректер бойынша тасқынмен арпалысып жатқан отандастарына Қазақстан халқы 10 миллиардтан астам теңгенің көмегін жеткізіп тастаған.

Еліміздің түкпір-түкпірінен күн-түн демей толассыз келіп жатқан көмектің ішінде Қазақстан Халқы Ассамблеясының үлесі де бар.

Ассамблея өкілдері жер-жердегі Достық үйлері арқылы тасқын құрсауындағы халыққа көмек жинап жатыр. Соңғы дерек бойынша, осы Достық үйлеріне халықтан 110 миллионнан астам теңгенің дүниесі жиналған.

Ассамблеяның бұл жұмысына «ҚХА жастары» мен этномәдени бірлестіктер, Аналар кеңесі, Медиация кеңесі, Ақсақалдар кеңесі, Кәсіпкерлер қауымдастығы атсалысуда.

Астана қаласы

Елордада ассамблея өкілдері еріктілердің көмегімен 5,2 млн теңгенің көмегін жинап, 3 сәуірде Қарағнады, Ақмола облыстарында қарғын судан зардап шекккен тұрғындарға жолдады. Ол көмектің сыртында 1,5 тонна ұн да бар. В настоящее время членами Ассамблеи города, волонтерами оказана помощь на общую сумму 5 млн 200 тенге.

Алматы қаласы

Алматы қаласының Достық үйі тасқынға көмек жинау жұмыстарын 4 сәуірде бастады.

Шымкент қаласы

Шымкенттегі Корей этномәдени бірлестігінің өкілдері 2,5 тонна макарон өнімдерін, еврей және шешен-ингуш этономәдени бірлестіктері 2 мың литрден астам минералды ауызсу жинап берген.

Ал армян, грек, түркі этномәдени бірлестіктері ақшалай көмек ретінде 500 мың теңге аударған. Күрд диаспорасы 1 млн теңгенің көрпе-жастығы мен киім-кешегін жолдаған.

Ақмола облысы

«Ассамблея жастары» және Қоғамдық келісім» ұйымдарының еріктілері ассамблея өкілдері жинаған көмектің алғашқы легін өңірдегі  11 отбасыға деткізді.

Көкшетауда қарғын судан зардап шеккендерге 400 мың теңгенің азық-түлігі мен, киім-кешегі жеткізілсе, эвакуцияланған халыққа 800 мың теңгенің азық-түлігі, төсек жабдықтары мен гигиена заттары таратылған.

Ал «Санги-Кабуд» тәжік этномәдени бірлестігі Көкшетауды қардан аршуға 3 тегіш техника мен 2 КАМАЗ жіберген. Сондай-ақ, тұрғындары түгел көшірілген Қызыл жұлдыз ауылының 45 отбасына азық-түлік берілді.  Тәжік этномәдени бірлестігінің Ақмола облысының тасқынға ұшырған елді мекендеріне берген көмегі 6,4 млн теңгеден асады. Ал қырғыз ағайындар 1,5 млн теңгенің төсек жабдықтарын жинап берсе, армян этномәдени бірлестігінің өкілдері тасқынмен күреске 3 жүк көлігі мен 2 экскаватор, 3,1 млн теңге жіберген.

Чуваш, өзбек этномәдени бірлестіктері де бұл істен шет қалмай, 800 мыңгенің азық-түлігі мен ыстық тамағын апарған.

Ақтөбе облысы

Бұл өңірде Қобда, Мұғалжар, Темір, Әйтеке би, Ойыл аудандары мен Ақтөбе қаласында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланғаны белгілі.

«Ассамбеля жастыр» ақтөбеліктерге көмек жинау үшін 70 еріктінің басын қосып, халыққа 14,5 млн теңгенің көмегін көрсеткен.

Алматы облысы

Бұл аймақтағы күрд, грек, әзербайжан, шешен-ингуш этномәдени бірлестіктері жалпы сомасы 5 млн теңгенің гуманитарлық көмегін жинаған.

Атырау облысы

Өңірдегі шешен, әзербайжан, орыс этномәдени бірлестіктері 2 млн теңгенің көмегін, оның ішінде күрек, шелек, қап сияқты тасқынмен күреске қажет заттарын жолдап отыр.

Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстандағы Достық үйлері де 4 сәуірде гуманитарлық көмек жинауға кірісті.

Жамбыл облысы

Облыстың түрік, татар, башқұрт, қарашай, балқар, өзбек, татар, дүнген, ұйғыр, еврей, қырғыз этномәдени бірлестіктері 29 млн 400 мың теңгенің көмегін ұсынған.

Жетісу облысы

Достық үйлеріне жарты миллионға жуық теңгенің азық-түлігі мен киім-кешегі, кеңсе тауарлары жиналған.

БҚО

Батыс Қазақстандағы іскер әйелдері бірлестігі, белорусь орталығы, татар, шешен-ингуш, армян, неміс этномәдени бірлестіктерімен бірге «Белес», «Отдел строй», «Желаев», «Қазақ аналары – Дәстүрге жол», «Тарихи Шежіре», «ARTSTROY SERVIS 07», «Faberlic», «ASAR-UME» қоры, мекемесі, «SBS GRUP»,  «Отдел строй Аруова», «Акжайык» при «Petro-Unit», «Salut Orto KZ», «UR7», «Medet Oral» ұйымдары 29,2 млн теңгенің гуманитарлық көмегін жинап берген.

Қарағанды облысы

Бұл аймақта «Ассамблея жастары» жасақтаған еріктілер «Имсталькон» АҚ,  «Шахтерское» ЖШС басшылары, тәжікэтномәдени бірлестігінің өкілдері Қарағанды мен Қостанай облыстарында тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға 3,9 млн теңгенің көмегін жөнелткен.  

Қостанай облысы

«Ұлы дала ұрпақтары Қостанай» қоғамдық бірлестігі, әзербайжан және еврей этномәдени бірлестіктері, корей қауымы, «Ассамблея жастары» құрылымының 30 белсендісі 3,2 млн теңгенің гуманитарлық көмегін, 2 млн теңгені ақшалай зинап тапсырған.

Қызылорда облысы

Жергілікті ассамблея өкілдері Ақтөбе облысында қарғын суға тап келген тұрғындарға 1,2 млн теңгеге жылы киімдер мен  көрпе-жастық, 100 келі тұрмыстық химия мен 100 келі азық-түлік табыстаған.

 Маңғыстау облысы

Өңірдегі ассамблея өкілдері тасқынға ұшыраған жерлестеріне киім, көрпе-жастық, азық-түлік, гигиена заттары мен балалар тауары, құрғақ сүт пен жаялық тиелген 1 газельді аттандырды. 

Павлодар облысы

«Жүректен жүрекке» акциясының аясында 750 мың теңгенің азық түлігі, жылы киім мен төсек жабдықтары, ыдыс-аяқ пен гигиена заттары, дәрі-дәрмек пен тұрмыстық химия бұйымдары жолданды.

Түркістан облысы

Ассамблея өкілдері тасқынға көмекті 30-31 наурызда бастап кеткен болатын. Нәтижесінде Ақтөбе облысында тасқыннан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек тиелген 2 фура жөнелтілген.  

Абай облысы

Бұл облыста Достық үйлері гуманитарлық көмек жинауға 3 сәуірде кірісті.

Ұлытау обылсы

Ассамблея өкілдері тастаған үндеуге үлес қосқан  «ZhezKengir» ЖШС директоры Мархаббат қарғын судан зиян шеккен Жезді кентінің тұрғындарына сүт, қант, үн, күріш, макарон сияқты азық-түлік тиелген 15 қорап көмек жеткізді. Бұл кәсіпкер Қостанай облысындағы отандастарына25 қорап азық түлік пен 5 жәшік күнбағыс майын жіберді.

Ал шешен-ингуш этномәдени бірлестігі 200 мың теңгенің азық-түлігін жолдаған.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала