Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.85

85 млрд теңге есептелген заңсыз активтер қайтарылады

Бүгін Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Отырыс қорытындысына сәйкес Комиссия бірқатар шешім қабылдады. Жалпы көлемі 85 млрд теңгеден асатын заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы келісімдер мақұлданды. Мемлекетке қайтару жоспарланып отырған активтердің қатарында Қазақстандағы және шетелдегі тұрғын үйлер, әкімшілік ғимараттар, ақшалай қаражат, компаниялардағы үлестер, қымбат зергерлік бұйымдар, 10 мың гектардан астам жер бар. 

Сонымен қатар бұрын мемлекеттен «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң субъектілерінің бірінің бақылауына заңсыз өткен құны 10 млрд теңгеден астам сомаға бағаланатын пайда болуы түсініксіз кәсіпорынды актив ретінде мемлекет кірісіне айналдыру туралы сотқа талап-арыз енгізу мақұлданды. 

Комиссия шешімімен Заң субъектілерінің тізілімі екі жаңа тұлғамен толықтырылды, оларға қатысты Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті тиісті іс-шаралар қабылдайды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заңсыз иемденілген активтерді қайтару жөніндегі жұмыстар күшейтіледі. Бұл ретте бизнеске қысым жасауға жол берілмейді. Мемлекетке қайтарылған барлық активтер әлеуметтік пайдалы мақсаттарға бағытталатын болады», - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Комиссияның жұмысы жалғасып жатыр.

Айта кетсек, Комиссия отырысы жаңартылған құрамда өтті. Комиссияның құрамына «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті Бану Нұрғазиева мен Парламент Мәжілісінің депутаты Марат Бәшімов кірді.

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала