Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.85

ҚХА биыл 2 мыңға жуық қазақстандыққа көмек көрсетті

Жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу, мұқтаждарға қол ұшын беру. Әлсіздерге, кедейлерге жәрдемдескен адам өзінің адамгершілігін айғақтайды. Біреудің қайғысына ортақтасу, жәрдем жасау арқылы өз өміріне басқаша қарай бастайды, құндылықтарын қайта зерделеуге мүмкіндік береді. Қайырымдылық жүректі нұрландырады, алғыс өмірге мән береді. Жасаған жақсылығың өзіңе еселеп қайтады. Осындай түсініктерді ғасырлар бойы дәстүрге айналдырған қазақ сырттан аш-жалаңаш, азып-тозып келген басқаларды да өзектен теппеді. Қолындағы бір нанын бөліп беріп, басқаларға демеу болды. Бұл игі ғасырлық дәстүр қазір де үзіліп қалған жоқ... Қайырымдылық Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының негізгі тармақтарының бірі деуге болады.

Тек өткен жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы 250 мыңнан астам қазақстандыққа жалпы сомасы 1,7 миллиард теңгеден асатын көмек көррсеткен. Сонымен қатар «Мектепке жол!» акциясы аясында балаларға оқу жылына дайындалуға 153 миллион теңге көлемінде қолдау жасаған.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Абай облысында өрттен зардап шеккендерге 47 миллион теңге көлемінде көмек жинады.

Тек 2024 жылы Ассамблея қайырымдылық шаралар аясында 9 810 400 теңге жинап, 2 мыңға жуық адамға көмек қолын созған.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала