Рахат Тұрлыханов пен оның жұбайы Алтынай кеше жария болған сот ісіне байланысты келеңсіз жаңалыққа пікір білдірді.

«Бәріңізге сәлем! Бұл – Рахат Тұрлыханов және жұбайым – Алтынай. Кейінгі жаңалықтарға байланысты пікір білдіруді дұрыс деп шештік. Алтынай бәрін өзі айтса, дұрыс шығар», - дейді бұрынғы танымал әнші.

«Рахат екеуміздің қарым-қатынасымызда ешқандай мәселе жоқ, бәрі жақсы. Рахат – мейірімді әрі қамқор күйеу, әке. Барлық отбасыдағыдай бізде де кикілжің болғаны рас. Бірақ БАҚ-та оған жала жабылып жатқанын көрдім. Олар мән-жайды жете түсінбестен жазып отыр. Бәрі жақсы», - деді жұбайы Алтынай видеоүндеуде.