Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.85

Рахат Тұрлыханов әйелін ұрып соттан ескерту алды

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әнші Рахат Тұрлыхановқа қатысты әкімшілік істі қарады. Оған ұрып-соғу фактісі бойынша айып тағылған.


Сот таратқан мәліметке қарағанда, өткен жылдың желтоқсан айында Рахат Тұрлыханов үйінде жанжал шығарып, әйелін соққыға жыққан. Сот отырысында ол өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтты. Ал оның әйелі іс материалдарында көрсетілген фактілерді растап, күйеуімен татуласқанын айтты.

«Сот қаулысымен күдікті Т., ӘҚБтК-нің 73-2 бабы 1-1 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, ол ескерту түріндегі әкімшілік жазаға тартылды», - делінген хабарламада.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала