Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ҚАНДАСТАРМЕН ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫС ҚҰРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

«Отандастар» қоры қандастарды тікелей сауалдары бойынша қабылдайтын байланыс орталығын ашпақ. «Бұл туралы қор президенті Нұртай Әбіқаев белгілі ақын, «Нұр Отан» партиясы қабылдау бөлімінің хатшысы Ауыт Мұқибекті қабылдау барысында айтты», -деп  хабарлайды аталған қордың баспасөз қызметі.  

«Даярланған жұмыс жоспарымыздың аясында «Отандастар» Қоры жанынан арнайы байланыс орталығын ашпақпыз. Онда қандастарымыздың өздерін мазалайтын барлық сұраққа жауап алуына мүмкіндігі болады. Жобалық басқару тәсілі арқылы бұл орталықта елге оралған және оралуға ниетті отандастарымызға қажетті барлық ақпар жинақталатын болады. Аталмыш бастама алдымен Астана мен Алматыда, одан кейін еліміздің басқа да аймақтарында ұйымдастырылады. Жобаны жүзеге асыру барысында орталық мемлекеттік органдары, профильдік компаниялар және ұйымдармен бірігіп жұмыс істейміз деген ойдамын», - деді Нұртай Әбіқайұлы. 

Кездесу барысында Қор басшысы Ауыт Мұқибекті 50 жас мерейтойымен құттықтап, өз Отанын және халқын сүйетін ұлтжанды азамат ретінде еліміздің дамуына, тәуелсіздігінің нығаюына бағытталған іс-шараларға белсене қатысып, қолдау көрсетіп жүргені үшін арнайы алғыс хатпен марапаттады.

Қытай жерінде дүниеге келген қазақ ақыны тарихи отанына 1998 жылы бір жолата қоныс аударған.  Содан бері шет елдерде тұратын қандастарымыздың қазақ топырағына оралуына, осы орайда туындаған қиындықтардың оңтайлы шешілуіне атсалысып жүр. Қазақ көшінің жанашыры  ретінде «Тұңғыш Президенттің көші-қон қорын» құру мәселесін 2011 жылдан бастап көтеріп келді.

Өз кезегінде қордың маңыздылығы туралы айта отырып, Ауыт Мұқибек: «Отандастар» сияқты Қордың құрылу мәселесін біраз жылдан бері көтеріп келдім. Себебі отандастарға көмек көрсететін мұндай қорлар Израиль, Германия сияқты әлемнің бірқатар алпауыт мемлекеттерінде бар екен. Елбасының тапсырмасымен, ол арман да, міне, орындалды. Келем деген қазаққа, Отанда қоныстанып қалам деген қазаққа қазір бізде қиындық жоқ. Енді олардың мәселелерімен кешенді түрде айналысатын Қордың пайда болғанына өз басым қуаныштымын», - деді. 

Кездесу соңында Нұртай Әбіқаев қоғам белсендісін диаспоралық саясат мәселелерін шешуде ғылыми негізделген ұсыныстар шығаратын «Отандастар» Қорының ғылыми сарапшылар кеңесінің мүшелігін ұсынып, қандастарға қолдау көрсетуде күш біріктіруге шақырды. 

 

сурет: mdvc.com.sg

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала