Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.85

Түркиядағы түнгі клубта қыдырған 2 қызылордалық мұғалім жұмыстан шығарылды

Түркиядағы түнгі клубта жүргенін әлеуметтік желіде жариялаған 2 қызылордалық мұғалім жұмыстан босатылды. Бұл туралы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов желідегі парақшасында жазды. 

«Күнделікті қарым-қатынаста әдеп нормаларын сақтау мұғалімдер үшін үйреншікті әдетке айналуы тиіс. Өкінішке орай, ғаламторда мұғалімдердің аталған принциптерді сақтамайтындығы туралы ақпарат шығып тұрады. Бірнеше мысал келтірейін: Қысқы демалыс уақытында Түркияның түнгі клубтарының бірінде қыдырып жүрген Қызылорда облысының екі мұғалімінің әлеуметтік желілердегі жарияланымдары ата-аналар қауымының наразылығын тудырды. Педагогтер жұмыстан босатылды...»,- деп жазды комитет төрағасы.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала