Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, қазақстанда бірқатар темір жол станциялары мен разъездерінің атауын өзгерту жоспарланып отыр.

Оның ішінде:

Қаулы жобасына сәйкес Нұр-Сұлтан темір жол станциясын – Астана темір жол станциясына, ал  Нұр-Сұлтан Нұрлы жол теміржол станциясын – Нұрлы жол теміржол станциясына өзгерту көзделген.. 

Олардан бөлек, келесі станция және разъезд атауы өзгереді: 

Жетісу облысы:

«БП Алматы бөлімшесі» филиалының 13 темір жол разъезі Ақши темір жол разъезіне; 

Қызылорда облысы:

Қызылорда бөлімшесінің 26 теміржол станциясы Жетітөбе темір жол станциясына;            

Маңғыстау облысы:

Маңғыстау бөлімшесінің 1 темір жол разъезі Күйкен темір жол разъезіне;

Маңғыстау бөлімшесінің 10 темір жол разъезі боздақ темір жол разъезіне;

Маңғыстау бөлімшесінің 460 темір жол разъезі Сарға темір жол разъезіне;

Маңғыстау бөлімшесінің тірек теміржол станциясы Боранқұл теміржол станциясына;

Атырау облысы:

Маңғыстау бөлімшесінің Майкөмген теміржол разъезіне Толтыр теміржол разъезі.