Валюта бағамы
USD - 451.75
EUR - 490.40
RUB - 4.89

ҚР Президенті Ұлыбританияның жаңа королі ІІІ Чарльзді құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Королі ІІІ Чарльзге оның таққа отыруына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

– Қазақстан Ұлыбританиямен берік достық байланыстарға, қарқынды саяси диалогқа, өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстарға негізделген берік стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды. Түрлі салалардағы, оның ішінде халықаралық аренадағы жан-жақты ынтымақтастығымыз достас халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі нығая беретініне кәміл сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Құттықтау соңында Президент Корольге барлық игі бастамаларына толағай табыс, ал король отбасы мүшелері мен барлық британдықтарға бақыт пен өркендеу тіледі.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала