Валюта бағамы
USD - 476.22
EUR - 490.15
RUB - 7.81

Ұлттық қордан 18 жасқа толмаған барлық баланың атына ақша аударылмақ

Көріністер: 6

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай «Ұлттық қор - балаларға» жобасына түсіндірді.

«Пікірлерде қосымша сауалдарға жауап берейін. Бұл норма күшіне енген кезде, яғни 2024 жылы 18 жасқа толмаған барлық баланың атына арнаулы шот ашылады. Олар кәмелет жасына толғанша қаржы түсіп тұрады. Шоттағы қаражат шетел валютасында болатынын атап өткен жөн. Сонымен қатар жинақ бойынша пайыздар есептеледі. Бұл шаралар шоттағы қаржыны инфляциядан қорғауға мүмкіндік береді»,-деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы.

Руслан Желдібай бүгінгі Президент Жолдауының кей өзекті тұстарын түсіндіріп, әр бала 18 жасқа толғанша есепшотында кемі 3 мың доллар жиналатынын айтқан еді.

«Президенттің бастамасымен Балалар жылының аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты жаңа бағдарлама іске қосылады. Оған сәйкес, 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударылады. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалады», - деді Руслан Желдібай.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала