Валюта бағамы
USD - 451.75
EUR - 490.40
RUB - 4.89

Болат Назарбаев 59 жер телімін алған

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров өткендегі "ығай мен сығайлардың" жемқорлық, протекция істерінен сабақ алуымыз керек деп санайды.

Ол өзінің Facebook-тегі парақшасына “Болат Назарбаев деген азамат өткен кезеңде Қаскелең, Талғар, Түркістан облысы, Нұр-Сұлтан қалаларында коттедж қалашығы, әкімшілік ғимарат, базар салу үшін 244 гектар тұратын 59-жер телімі, объект алған. Сол кісінің фамилиясына берілген. Бұл жер телімдерінің нарықтық бағасы жүздеген миллион доллар тұрады.

Ал, цифрлық даму министрлігінің деректеріне сүйенсек, 2- млн астам азаматтар 10- соток жер ала алмай телміріп жүр.

Бұл неткен әлеуметтік әділеттілік? Конституциядағы теңдік принциптері қайда?

Осындай әлеуметтік диспропорция халықтың ызасын туғызады.
Біз түсінуіміз керек, мұндай бұраудың міндетті түрде сұрауы болады.

Партиялық Кеңес аппаратында осфы мәселенмен терең айналысуға тапсырма беремін!
"Жер-Аманат" комиссиясымен бірге істеу қажет”, - деп жазды.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала