Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Алматыдағы әскери бөлімде сарбаз оқ тиіп, қайтыс болды

Алматыдағы 3650 әскери бөлімінде бір сарбаз өзін-өзі атып алды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» Өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 22 тамызда сағат 15.15-тер шамасында қызметтік міндетін орындау кезінде келісім шарт бойынша қызмет етіп жүрген әскери қызметші Сабыров Абылай Берікұлы, (2001 жылы туылған) 3650 әскери бөлімінде Алматы қаласында өзіне бекітілген тапаншамен өзін-өзі атып, алған жарақатының нәтижесінде қайтыс болды.

Құқық қорғау органдары қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Болған оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін қызметтік тергеу тағайындалды.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы мен өңірлік қолбасшылығы әскери қызметші Абылай Сабыровтың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала