Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Қырғызстанда Қазақстандағы Ұлттық құрылтайдың баламасы пайда болды

Қырғызстанда Халық құрылтайы өтпек, деп хабарлайды қырғыстандық Кабар ақпарат агенттігі
Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың «Халық құрылтайын шақыру туралы» Жарлығымен Халық құрылтайы туралы уақытша ереже бекітілді.
Қырғыз Президентінің баспасөз хатшысы Ербол Сұлтанбаев Садыр Жапаровтың бірінші құрылтай өткізу туралы шешімін түсіндірді.
Оның айтуынша, Қырғызстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, Қырғызстанда мемлекеттік билік жалпы халық сайлаған президентпен қамтамасыз етілетін халық билігінің үстемдігі принципіне негізделген. 
«Қырғыз Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес азаматтардың республикалық және жергілікті маңызы бар заңдарды талқылау және қабылдауға қатысуға құқығы бар. Қырғыз Республикасының азаматтары қоғам мен мемлекет істерін басқаруға тікелей және өз өкілдері арқылы қатысуға құқылы. Азаматтардың мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметіне қатысты мәселелер бойынша, басқа да маңызды мәселелер бойынша құрылтайлар өткізуге құқығы бар. 
Халық құрылтайы – қоғамды дамытудың бағыттары бойынша ұсыныстар беретін әлеуметтік-өкілетті, кеңесші, қадағалаушы жиналыс.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала