Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Мұнай экспорты: Қазақстан Ресейді айналып өте ала ма

Әлемдік Reuters агенттігінде Қазақстан Әзербайжан аумағымен өтетін мұнай құбырлары арқылы жылына 1,5 миллион тонна мұнай экспорттауды жоспарлап отыр деген сыңайда мақала жарияланды.

Ақпаратқа қарағанда, Қазақстан жылына 1,5 миллион тонна мұнайды Ресейді айналып өтетін Баку – Тбилиси – Жейхан мұнай құбыры арқылы экспорттамақ. "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясы Әзербайжан мемлекеттік SOCAR компаниясымен бұл мәселе бойынша келіссөз жүргізіп жатыр.

Бұл ақпаратты Атырауда сапармен жүрген Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстан Баку – Тбилиси – Жейхан мұнай құбыры арқылы 1,5 млн тонна мұнай экспорттауды жоспарлап отыр деген ақпаратты жоққа шығарды.

«Ақпараттық ресурста айтылып жатқан көлеммен біздің экспорттық бағыттағы проблеманы шешу ақылға сыймайды. Неге? Өйткені, біріншіден, аталған бағытпен 1,5 млн тонна мұнайды экспорттау қазіргі ахуалды айтарлықтай жеңілдетпейді. Екіншіден, біздің министрлікте дәл мұндай келісімге қол қою жоспары жоқ», -деді министр Атырауда өткен баспасөз мәслихатында.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мұнай тасымалдаудың балама бағыттары пысықталып жатқанын айтты. Бірақ Reuters-те жарияланған ақпаратты растамады.

«ҚазМұнайГаз қазіргі уақытта мұнайды Каспий құбыр консорциумы жүйесінен басқа бағыттар арқылы да экспорттауда. Атап айтқанда, Атырау-Самара, сондай-ақ Қытай бағытындағы Қазақстан-Қытай құбыры, Ақтау порты (Махачкала/Баку) бағыттары қолжетімді. Сонымен қатар компания мұнайды тасымалдау бағыттарын әртараптандыру бойынша қосымша жұмыстар жүргізуде. Мұнай тасымалдаудың басқа да тиімді балама бағыттары қазіргі уақытта пысықталып жатыр»- деді Ұлттық компания.

Айта кетсек, Қазақстан мұнай экспортының 80 пайыздан астамын Ресей аумағы арқылы өтетін Каспий құбыр желісі арқылы жүргізеді. Украинадағы жағдай ушыққан кезде Каспий құбыр желісі түрлі себептермен жұмысын тоқтатып қалып тұрды.

Жылпы сарапшылар Қазақстанда Каспий құбыр желісіне балама бағыт жоқ екенін айтқан болатын.

 «Каспий құбыр консорциумы сияқты мұнай тасымалдаудың балама бағыты жоқ және бұл тұрақты жолдардың бірі болып келді. Бұл құбыр арқылы Теңіз, Қашаған, Қарашығанақтағы мұнайды өндіріп отырған шетелдік компанияларға тиесілі  өнімдер жөнелтіледі. Және осы компаниялар Каспий құбыр консорциумының негізгі акционерлері болып табылады. Ортақ мүдделер мәселені жылдам шешуге  тырысады», - дейді мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байдильдинов Ulys-қа берген мәліметінде.

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала