Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Қырғызстанда 108 адам тойханада астан уланып қалды

Қырғыз Республикасының Аурулардың алдын алу және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті 2 тамыздағы жағдай бойынша тойханада уланғандар саны 108 адамға жеткенін хабарлады, деп жазады Қырғызстандық Кабар агенттігі.

Оқиға Баткен облысы Қадамжай ауданындағы «Алмаз» тойханасында болған.

Ақпаратқа сәйкес, тамақтан уланып қалған 23 адам ауруханаға жатқызылды, оның екеуі бала. Өз кезегінде 85 адам амбулаторлық ем алуда, соның ішінде 1 бала бар.

«Уланғандардың жағдайы қанағаттанарлық, бұрын жансақтау бөлімінде жатқан 2 баланың жағдайы жақсарып, жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды», - делінген хабарламада.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала