Валюта бағамы
USD - 451.75
EUR - 490.40
RUB - 4.89

Рим Папасы қыркүйекте Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

ҚР Сыртқы істер министрлігі Рим Папасы Францисктің 13-15 қыркүйекке жоспарланған Қазақстанға мемлекеттік сапарының бағдарламасын жария етті.

Сапардың бірінші күні Рим Папасының Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, сондай-ақ елімізде тіркелген шетелдік дипломатиялық корпус және азаматтық қоғам өкілдерімен кездесулері жоспарланған.

Рим-католик шіркеуінің басшысы сапарының екінші күнінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің ашылуына және пленарлық отырысына, сондай-ақ кейбір басқа дін лидерлерімен бірқатар кездесулерге қатысады деп күтіләп отыр.

Сонымен қатар, 14 қыркүйекте Рим Папасы Франциск мыңдаған католик дінін ұстанушылар, оның ішінде Қазақстан астанасына арнайы келетіндері үшін дұға (месса) өткізеді.

Сапардың соңғы күнінде ол Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің жабылуына және оның қорытынды декларациясының қабылдануына қатысуды, сондай-ақ Рим-католик шіркеуінің Қазақстандағы және көрші елдерден келетін дін қызметкерлерімен, монахтарымен және семинаристерімен кездесуді жоспарлап отыр.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала