Валюта бағамы
USD - 451.75
EUR - 490.40
RUB - 4.89

ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ КЕДЕНІНДЕГІ БЫЛЫҚ  РЕТТЕЛЕ МЕ?

Жыл басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытаймен кедендік шекарада болып жатқан "былықты" қатты сынаған болатын. Көліктер тексерілмейтінін, салықтар мен баждар төленбейтінін атап өтіп Бас прокуратураға Қаржы министрлігі және Қаржы мониторингі агенттігімен сонымен қатар басқа да мүдделі органдармен бірлесіп, тексеру жүргізіп, кедендік шекарада тәртіп орнатуды тапсырған еді.

Президенттің қайтты айтатын жөні бар. Өйткені, статистиканы алып қарайтын болсақ, Қытайдың кеден органдарымен алшақтық 5,7 миллиард долларға жеткен. Сол жолы «Тиіспеушілік мәртебесі бар қандай да бір уәкілетті операторлар бар. Еліміз салық түрінде ондаған миллиард теңге жоғалтып жатыр. Олай болмайды", - деген болатын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.   

Мемлекеттік кірістер комитеті өте жауапты тапсырманы орындап жатқандарын хабарлады. Олардың мәліметінше, былтыр екі ел арасындағы сауда-саттықтың статистикасындағы айырмашылық 5,7 милилард АҚШ долларына дейін жеткен. Өйткені, кәсіпкерлер тауарларын өткізерде бағасын аз қылып көрсетеді.  Мысалы, мың теңгенің затын 200 теңге деп көрсетіп, кедендік алымдар мен салықты аз төлеп келген.

Қазіргі кезде Қытайдан бізге әкелінетін 13 мың түрлі тауардың 8 мыңының номенклатурасы бекітілген. Яғни, кәсіпкерлер «өтірік баға» көрсете алмайды. Мысалы, Қытайдан телефонның қабын 800 теңгеден сатып алса, оны 250 теңге деп көрсете алмайды. Өйткені, номенклатурада баға көрсетіліп тұр. Енді мамандар қалған тауар түрлерінің де номенклатурасын бекітпек.

Сондай-ақ цифрландыру жұмыстары да жасалауда екен. Атап айтқанда, қазір кедендік декларацияның 82 пайызы автоматты түрде шығарылады. Бұл кеден қызметкерлеріне де, кәсіпкерлерге де өте тиімді.

Бұрын Қытаймен өзара сауда-саттық туралы ақпарат берілмейтін екен.  Былтырдан бастап Қытайдың кедендік органы Қазақстанға автомобиль жолы арқылы тасымалданып отырған тауарлар туралы ақапарат берсе, биылдан бастап теміржол арқылы кеткен тауарлардың да ақпаратын беруде.

«Нұр жолындағы» электрондық кезектегі былықтар да қазір біршама реттелді.

Айта кетсек, биыл жарты жыл ішінде Қазақстан мен Қытайдың арасындағы сауда-саттық 11.2 милилард АҚШ долларына жетті. Қытай Қазақстанға 4,6 миллиард доллардың тауарын сатса, біз көршімізге 6,6 миллиард долларға тауар сатыппыз. Қазақстаннан негізінен шикізат кетеді: мұнай, газ, металдың өнімдері. Ал, Қытай Қазақстанға автомобиль, көлік құралдары, пластикалық және тоқыма өнімдері мен киім-кешек сатады.

Мемлекеттік кірістер комитеті «бұл жұмысымыздың басы» деп отыр. Президент айтқан былықты толық реттей ала ма, әлде құрғақ сандармен ауыз сүртіп құтыла ма, уақыт көрсетеді.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала