Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

«ХАБАР 24» ПЕН «KAZAK TV» АРНАЛАРЫ РЕСЕЙДЕ ХАБАР ТАРАТАДЫ

«Хабар 24» және «Kazak tv» арналары жуырда Ресейде хабар тарата бастайды. Бұл ақжолтай хабар туралы еліміздің Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өзінің фейсбук парақшасында жазды.

Президент Н.Назарбаев Дүниежүзі Қазақтарының V құрылтайында Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне нақты тапсырма бергенін еске алған Дәурен Абаев: «Елбасы: «шеттегі қандастардың Қазақстаннан жан-жақты хабар алып тұруына көмектесу керек», - деген болатын. Яғни шет елдегі ағайынды отандық ақпаратпен қамтамасыз ету міндеті алға қойылды. 
Жақында ғана «Хабар 24» пен «Kazak tv» арналары Ресейде хабар тарату лицензиясына қол жеткізді. Көрші елдің теле нарығына ресми тіркелу үшін қажетті техникалық және құжаттық талаптардың қыруар шаруасы атқарылды. Бірнеше айға созылған, көптеген келіссөздердің нәтежиесінде біз Ресей Федерациясының кабельдік операторымен бір мәмілеге келдік. «Хабар» Агенттігінің ұжымына, осындай ауқымды істі жүзеге асырғандары үшін алғыс айтқым келеді. 
Шекаралас аймақтарды мекендейтін қандастарымыз, біраз уақыттан бері біздің министрлікке хат жолдап, ел жаңалықтарын көргілері келетінін жеткізіп еді. Алыстағы ағайынның өтініші де орындалып отыр», — деп жазды парақшасында.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала