АБЗАЛ ҚҰСПАН: САРАПШЫСЫМАҚ, ВИДЕОБЛОГЕРЛЕР МЕН САЯСАТКЕРСЫМАҚТАР ШЕКТЕН ШЫҒЫП БОЛДЫ
АБЗАЛ ҚҰСПАН: САРАПШЫСЫМАҚ, ВИДЕОБЛОГЕРЛЕР МЕН САЯСАТКЕРСЫМАҚТАР ШЕКТЕН ШЫҒЫП БОЛДЫ
Белгілі адвокат Абзал Құспан әлеуметтік желіге өзіне жала жауып, буллинг жасайтындарға заң бойынша жазасын беру туралы шешім қабылдағанын жазды. “Не нәрсеніңде шегі болады, шегінен асса - боғы шығады”. Абай Сарапшысымақ видеоблогерлер мен саясаткерсымақтар шектен шығып болды. Осы мені толғандыратын сұрақтар: әлемжелінің саяси тақырыптарға арналған қазақтілді контенті примитив күйден қашан, қайтіп арылады? Әлде біздің (қазақтілді орта) деңгейіміздің бары осы ма? Неге, саяси деп аталатын ютубтағы видеолар тек “анау сатқынмен” басталып, “мынау сатқынмен” аяқталуы тиіс, ал соған айдың күні аманда “сатқын” атанғандар көнбістік таныта берулері керек? Заң бар ма, болса неге заңға жүгінбейді? Ел алдында жүрген талай азаматтармен осы тақырыпта сөйлестім, жалаға қалған, күйінген, алғашында сотқа берем деп күшенген, кейін қойшы соны деп, өздерінің айтуынша қазақылыққа салып, қолдарын бір сілтеген. Арасында “Мына түрімізбен ел болмаймыз”-деп пессимизмге ұрынғандары да жетеді. Соларға таңырқап жүрсем, өзімніңде оңып тұрғаным шамалы екен. Күні кеше ватсабыма “сен туралы бүй деп жатыр”-деген комментариймен, кезекті жалалы видео келді. 2019 жылдан бұндайдың талайын көрген басым алғашында назар аудармағаныммен, кейін ойға қалдым. Олармен айтыс-тартысқа түсу мен үшін тым қымбатқа түседі, себебі бос 1 минут уақытым жоқ. Ал буллинг жасап үйренген олар сен 1 сөз айтсаң, саған қарсы 100 жала жаба салады және содан өлшеусіз ләззат алады. Содан бүгін ол жалақорлардың заң бойынша жазасын берем деп шешім қабылдадым. Мен күшеніп-күшеніп, кейін қолын сілтей салатындар қатарынан емеспін, бастамаймын, бастасам міндетті түрде аяғына жеткіземін! Және барлық іс-әрекетімді осы желіге жүктеп отыратын боламын. Егер Сізде кибербуллингке ұшырасаңыз, әлде осы тақырып жалпы қызықтыратын болса парақшамды қарап отырыңыз, 1-2 күнде бастаймын», - деп жазды ол фейсбук желісіндегі парақшасына.