Валюта бағамы
USD - 451.75
EUR - 490.40
RUB - 4.89

АРМАНЫ НАЗАРБАЕВ ЖҮЙЕСІН ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРТУ ЕДІ...

76 жасқа қараған шағында белгілі саясаткер, қазақ оппозициясы серкелерінің бірі, мемлекет және қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаев жүрек талмасынан мәңгілікке аттанды. 

Балташ Молдабайұлы Омбы облысының Кіші Боранкөл ауылында дүниеге келген. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап мемлекеттің қалыптасуына зор үлес қосты. Атап айтқанда, 1991 жылдан бастап -1999 жылға дейін премьер-министрдің орынбасары, ауыл шаруашылығы министрі, Қостанай облысының әкімі, қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, Сыртқы істер министрлігінің арнаулы тапсырмалар жөніндегі елшісі, сондай-ақ Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметтерін атқарды.

Ол елшілікте жүрген кездің өзінде билік басындағыларды қатаң сынап отырды. Марқұмның өзінің сөзінше, бұрынғы президент Нұрсұлтан Назараев 1995 жылы референдум арқылы Ата заңға өзіне шексіз мүмкіндік беретін өзгерістер енгізгеннен бастап оның әрекеттері мен қылмыстарын сынай бастаған. 

1998 жылы  Нұрсұлтан Назарбаев оны қайтадан премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындап, 1999 жылы қаңтарда президент сайлауы өткеннен кейін қызметінен босатады.  

Содан бері Балташ Тұрсымбаев  оппозициялық күштер қатарына қосылып, бұрынғы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа, әулетіне және  жемқорлық  жайлаған жүйге қатысты өзінің өткір пікірлерін ашық айтып, халықтың саяси сауатының артуына үлес қосты. «Билік әділ бәсекеден қорқады,  Билік өз халқына сенбейді» деген ұстанымдарын тұрақты түрде білдіріп келеді. 

Марқұм жер сатуға қарсы  құрған  "Ел мен Жер" қозғалысын үш ай бұрын  саяси партияға айналдыратынын айтып, бағдарламасымен де таныстырған болатын. Әлі де іргелі мақсаттары бар еді... 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаевтың отбасы мен туыстарына көңіл айтты.

Қазақ елі бүгін аяулы ұлын соңғы сапарға шығарып салды.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала