Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Бразилия маймыл шешегі вирусынан алғашқы кісі өлімі тіркелгенін растады

Бұл жағдай елдің оңтүстік-шығысындағы Минас-Жерайс штатының астанасы Белу-Оризонтиде тіркелді. Вирустан 41 жастағы ер адам қайтыс болған. Ол басқа ауыр клиникалық жағдайлардан, соның ішінде қатерлі ісіктен ем алып жүрген. Науқастың денсаулығы инфекция жұқтырғаннан кейін нашарлады.

Аты-жөні жария етілмеген ер адам Белу-Оризонтидегі мемлекеттік ауруханаға жатқызылды. Ол маймыл шешегінен асқынған септикалық шок алған.

27 шілдедегі жағдай бойынша, Бразилияда маймыл шешегі вирусын жұқтырудың 978 жағдайы тіркелген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазіргі індетті денсаулық сақтау саласындағы халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп жариялады.

Бұған дейін маймыл шешегі вирусынан Бразилия мен Испанияда маймыл шешегінен 3 адам көз жұмғаны хабарланған еді.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала