Валюта бағамы
USD - 451.75
EUR - 490.40
RUB - 4.89

Ұлытаулық қарт марафоншы Қостанайға жетті, алда әлі 3 мың шақырым жол бар

Бұған дейін 5 мың шақырымнан астам жерді жаяу жүріп өтіп келе жатқан Сәрсенбей ақсақал бүгін Тобыл қаласына келді.

«Мен 31 наурыз күні Ұлытаудан саяхатқа шыққам. Бұған дейін Жезқазған, Қарағанды, Түркістан, Шымкент, Тараз, Алматы, Талдықорған, Семей, Нұр-Сұлтан мен Көкшетауда болдым. Міне, Қостанайға да жеттім. 5 мың шақырым жүрдім, алда әлі 3 мың км бар. Енді Ақтөбе, Орал мен Атырауға барамын», - дейді қарт марафоншы.

Саяхатшы жолдың жеңіл еместігін айтады. Алайда, шаршағанына қарамастан, жол-жөнекей кездескендермен суретке түсіп, әңгілемесуден бас тартпайтынын жеткізді. Айтуынша, жолда қызықты оқиғалар да жиі болып тұрады.

«Жолда қызық жағдайлар көп болады. Өте көп. Тіпті, кітап жазуға болады. Бірде бір әйел қуып жетіп: «Балмұздақ қанша тұрады?» - деп сұрады. Күлдім де, 10 мың теңге дедім», - дейді Сәрсенбай ақсақал.

Айта кетсек, Ұлытау ұлттық тарихи-мәдени және табиғи мұражай-қорығының қызметкері және еңбек ардагері Сәрсенбай Қотырашов Қазақстанның кең байтақ даласын жаяу жүріп өту үшін сапарға шыққан. «Ұлытауға бардың ба?» деп аталатын жаяу марафон қарашаға дейін созылады. 72 жастағы ақсақал бүкіл елді аралап, қолданбалы өнер шеберлерімен кездесіп, өзге өңірлердің тұрғындарына Ұлытау ауданының тарихын және киелі жерлерін таныстырмақ.

 

inform.kz

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала