Валюта бағамы
  • USD -

    523.7
  • EUR -

    616.5
  • RUB -

    6.57
АМАНГЕЛДІ АЙТАЛЫ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ: ОТАРСЫЗДАНУ  МӘДЕНИЕТ ПЕН РУХАНИЯТ АРҚЫЛЫ КЕЛЕДІ
11 қаңтар 2019
АМАНГЕЛДІ АЙТАЛЫ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ: ОТАРСЫЗДАНУ МӘДЕНИЕТ ПЕН РУХАНИЯТ АРҚЫЛЫ КЕЛЕДІ

ULYS: Сіз жалпы «ұлтты жаңғырту» керек деген ұсынысты дүркін-дүркін айтып жүрсіз. Бір кездері көшпелі дала қазағы едік, коммунизм келді, күшпен отырықшы етті. Көбіміз қала қазағына айналдық, қуғын көрдік, қысым көрдік, ақсөңке болып аштан қырылдық, соғысқа да қатыстық. Тәуелсіздік алған жылдары нарыққа бет бұрдық. Соңғы екі-үш ғасырда әр түрлі идеологияның қысымында қалып, мәдени соққылар мен зобалаңға ұшыраған ұлттың қазіргі кебі қандай,  қандай қазақпыз өзі? Бұрынғы қазақ пен бүгінгі қазақтың парқы не?

АМАНГЕЛДІ АЙТАЛЫ: Қазіргі қазақты бір сөзбен сипаттау қиынның-қиыны. Бүгінгі қазақ ана тілдің аясында толық ұйыса алмай отыр. Шын мәнінде қазір бір тілде ғана сөйлейтін қазақ жоқ. Мәдениет жағынан да бір мәдениетті ғана ұстанатындар өте аз. Бұл «қазақ өзге тілде сөйлемесін, басқа мәдениетпен араласпасын» деген сөз емес. Алайда қай ұлтта болсын басым тіл өз ана тілі болу керек, үстемдікке өзінің төл мәдениеті ие болуы қажет. Ал тамыры терең дәстүрің мен бабалардан жалғасып келе жатқан дәстүрлі дініңнің мойыны озық тұруы тиіс. Осы тұрғыдан келгенде өкінішке қарай, қазақ бір тілді, ұлттық мәдениеті басым деп айта алмаймыз. Сондықтан тіл жағынан, мәдениет жағынан, руханият жағынын, дәстүр жағынан енді-енді өзімізді танып келе жатқан ұлтпыз. Бірақ «қазақ азды –тозды, деградацияға ұшырады, ұлт болмайды»  дегенге де сенбеймін. Қазақтың қазіргі ұлттық дәстүрі мен дүниетанымында белгілі бір өзек бар. Осы өзек азайып, жіңішкере берсе, ол ұлттық ділден, дәстүрден арылып, айырылып қалу қауіпі жоқ емес. Президент те бір қатерді сезетін шығар. Рухани жаңғыруға бет бұрғызды. Сондықтан мәселе сол өзекті кеңейту. «Ұлтты жаңғырту» дегеннің өзі осы мәселені қаузайды.

ULYS: Кеңестік жүйеде дүниеге келген буынға әлі де болса коммунистік идеология ыстық, кейінгі жастар болса, жаппай исламдық, батыстық құндылықтарға құмарта бастады. Идеологиялық алуандықтар, көзқарастар қайшылығы бізді бөлшектеуге жеткізбей ме? Бауырлас Өзбекстан Әмір Темірді идеология етіп алды, мына тұрған тәжіктердің өзі мың жыл бұрынғы тарихын тірілтіп, сол кездегі көсемі Сомониді ұлтты біріктіретін күшке айналдырды. Түрікмендер де Оғызханды әспеттейді. Біз «Мәңгілік ел» идеологиясын негізге алып, рухани жаңғыруға бет бұрдық. Бүгінгі күні ұлттық идеологиямыздың ұстанымдары не болу керек?     

АМАНГЕЛДІ АЙТАЛЫ: Ұлттық идеология дегенде тіл, дін, мәдениет пен дәстүр бірге жүреді. Әлгі «код» дегеніміз осы. «Код» деген сөздің өзі негізі техникалық ғылымдардан келген ғой. Сол «код» жоғарыда айтқан ұлтты ұлт ететін қасиеттер. Ол қасиеттерден айырылсақ, ұлттық тектен жұрдай боламыз. Ұлттық код өзі-өзінен қалыптаспайды, ол үшін  ұлттың болмысын, қазақтың тарихын білу керек. Сол кезде жаңағы құндылықтар күш алады, үлкен ықпал етеді, оңға да солға, да ауытқып кетпеуге негіз болады, тірек болады. Рухани діңгегі бос жастар көбейді. Басқа дінге өтіп, діннен ажыраса қазақшылығынан да ажырайды деген сөз жоқ. Тілінен адасса, яғни басқа тілге ауысса, басқа дінге де ауысады. Оған нақты мысал бар: бауырлас  башқұрттар мен татарлардың 10 пайызы православ дінінде. Олар ең бірінші тілінен ажыраған, тілінен ажыраған соң бірте-бірте дінінен ажыраған. Енді қалған  башқұрт пен татарларды түгелдей православ етіп шоқындыру үшін алдымен араларынан жағдайын жасап, арнайы дайындап священниктер (дін қызметкерлері - автор) шығарды. Олардың уағызына жастар еруде. Бұл екі ұлттың алдында қазір шоқынып кету, славяндану, орыстану, православ дініне ауып кету сынды үлкен қауіп тұр. Сондықтан ұлттық құндылықтарымызға ерекше мән беру керек.

ULYS: Біздің құндылықтар тек өзіміздің ғана емес, біз мақтанып ауыз толтырып айтатын қазақ елінде өмір сүріп жатқан 130 ұлт өкілдерінің де негізгі  құндылықтарына айналу керек қой?

АМАНГЕЛДІ АЙТАЛЫ: Әрине, негізі қай елде де мынадай бір заңдылық бар: Біздің Ассамблея ашық айтпайды, басқа елдерде ашық айтылады. Мысалы, Германияда тұратын бір қазақ ұлттық мәселені қозғамақ болды делік. Оған «Сенің қазақ ұлтыңның тарихы Қазақстанда зерттеліп жатыр, қазақтың мәдениеті мен тілі де Отаныңда дамып жатыр. Сен  Германияда қазақ мектебін ашам деп, қазақ мәдениетін дамытамын деп бізге талап қойма» деп ашық айтады. Сол сияқты  орыс халқының мәдениеті Ресейде, украиндардікі Украинада болмаса, немістердікі Германияда дамып жатыр. Ал бұл жерде негізгі ұлт, мемлекет құраушы ұлт — қазақтың мәдениеті және тілімен бәсекелестіріп оларды дамыту, оларға жағдай жасаймын деу ақылға сыймайды. Бірақ біз «сенің мәдениетің, тілін ана тарихи Отаныңда дамып жатыр ғой» деп неге айтпаймыз? Керісінше, сен осы елде тұрғаннан кейін, қазақтың тілін, тарихы мен мәдениетін білуің керек деуіміз керек емес пе? Ең бастысы біз қазір өзіміздің ұлттық негізгі тамырымызды, кодымызды сақтауға баса мән беруіміз керек. Біз қазақтың мәдениетін, театрын, кітабын, өнерін басқа ұлттар қызғанышпен қарайды екен деместен қолдауымыз керек. Олар осында дамымағанда қайда барады? Өз ісімізді өзіміз жасай беруіміз қажет. Мысалы,  қазақтың кітабын ашықтан ашық қолдап, қаржы бөлу керек, кітап дүкендерін ашу керек. Өйтпесе, қазақтың рухани құндылығы дамымайды. Қазіргідей кезеңде Президенттің мақаласы өте дұрыс деп санаймын. Себебі, қазір біздің халқымыздың өз ішінде рухани жаңғыруға сұраныс бар. Біз сол сұранысты қанағаттандыруымыз керек. Ендігәрі орыстың театрына 5 теңге бөлсең, қазақтың театрына да 5 теңге бөлеміз деген мәселе дұрыс емес. Қазақтың театрының жағдайы бөлек. Қазақ шеттетілген ұлт, қазақ жәбір көрген ұлт, қазақтың тілі кемшін болған ұлт. Сондықтан өзге ұлт өкілдеріне түсіндіріп айту керек. «Бұл қазаққа жасап отырған артықшылығымыз емес, қазақтың кеңес заманындағы, оған дейінгі рухани жарақатының, алған зиянының орнын толтыру. Мұндай саясатты ашық жүргізуіміз керек. Өзге ұлт өкілдері де оны түсінеді деп ойлаймын.

ULYS: Расында да «Мәңгілік ел» идеясының мәйегі бола алатын, елдің иесі, жердің киесі болып қалатын титулды ұлт қой...

АМАНГЕЛДІ АЙТАЛЫ: Әлбетте, қаржының басым көпшілігі қазақ руханиятына бөліну керек. Жаңа айтқанымдай, біз шапа шеккен халықпыз, біз отаршылдықта болған елміз.  Бізге жасаған қиянаттың орнын толтыру керек. Ұлттың руханиятына салынған үлкен жарақатты емдеу керек. Отарсыздандыру саясаты деген осыдан шығады. Ол саясат қазір бірқатар елдерде жүзеге асып жатыр. Отарсыздандыру көптеген елдерде үлкен саясатқа айналып жатыр. Мысалы, Африка мен Азияның бірқатар елі осыған қатты мәні беруде. Себебі, отарсызданудың өзі  мәдениет пен руханият арқылы келеді.

ULYS: Біз солтүстік көршінің ақпараттық-психологиялық, насихатттық ықпалы басым екендігін мойындаймыз. Олар бізге біртұтас ақпараттық кеңістік тұрғысанан қарайды. Ақпараттық қауіпсіздік саласында қатты ақсап тұрғанымыз күн өткен сайын анық сезілуде...  Қайтпек керек?     

АМАНГЕЛДІ АЙТАЛЫ: Саясаттану ілімінде «ақпараттық отаршылдық яғни «информационный колониализм» деген ұғым бар. Саяси тұрғыдан дербес мемлекетпіз. Ал экономикалық жағынан азды-көпті дербестік алған шығармыз. Бірақ ақпараттық жағынан біз отарланған елміз. Біз әлі күнге дейін орыс ақпараттық кеңістігіндеміз. Ол кеңістіктен шыққан жоқпыз. Біздің санамызға қатты әсер етіп, ықпалынан шығармай отыр. Өкінішке қарай, одан шығамыз деген тірлік бізде де жоқ. Ең бастысы — Қазақстанда Ресейдің ақпараттық өнімін қабылдайтын халық бар. Орыстанған қазақ пен орыс ұлты. Оларға тіпті қажет те. Сондықтан бүгінде біздің ұлттық намысымыз әлі де болса төмен. Ең қорқыныштысы — елдің болашағына үлкен қауіп. Ақпараттық қауіпсіздік дегеніміз — ұлттық қауіпсіздіктің бір саласы ғой. Осы себепті бұл салада елдігімізді қорғау мәселесі рухани жаңғыру саласында бөлек бір, ерекше тақырып ретінде қаралуы қажет.

ULYS: Салиқалы сұхбатыңызға көп рақмет!

Материал «ULYS» танымдық-сараптамалық халықаралық журналынан алынды. Қазақстанның тұңғыш диджитал журналын төмендегі сілтемелер арқылы google play мен app store-дан тегін жүктеп, оқи аласыздар.

Appstore

https://itunes.apple.com/us/app/ulys/id1254960265

Playstore

https://play.google.com/store/apps/details?id=com.publishing.ulys

 

RELATED NEWS
Үміттің ұтысы: шымкенттік күзетші Әлібектің 54 миллион теңгелік жеңісі
29 қазан 2025
Үміттің ұтысы: шымкенттік күзетші Әлібектің 54 миллион теңгелік жеңісі

Үміттің ұтысы: шымкенттік күзетші Әлібектің 54 миллион теңгелік жеңісі

 

Шымкенттің қарапайым көшесі. Аспан көкшіл тартып, күн баяу ғана батып барады. Сол сәтте бір адам жұмыстан қайтып бара жатыр. Күн сайын күзет орнында отырған сол жігіттің жүрегі бүгін ерекше дүрсілдеп тұр. Ол — Әлібек.

Кеше бәрі бірқалыпты еді, бүгін өмірі басқа арнаға бұрылды. Себебі ол — 54 000 000 теңге ұтып алған адам.

 

— Саламатсыз ба, Әлібек?
— Саламатсыз ба.
— Ұтысыңыз құтты болсын.
— Рахмет.
— Сіз LOTO 6/49-да 54 миллион теңге ұтып алдыңыз.
— Дұрыс па?
— Дәл солай, — деді Әлібек, сенім мен күдік арасындағы күйде.

Ол — Шымкент қаласының тумасы. Қаланың шетінде орналасқан шағын мекемеде күзетші болып еңбек етеді. «Күнделікті жұмыс қалай?» десеңіз, ол сабырмен жауап береді:түнде күзет, күндіз тыныштық.
Бірақ дәл осы қарапайым адамның өмірінде үлкен өзгеріс басталды.

— Ұтыс туралы қалай білдіңіз? — деп сұрадық.
— Маған хабарласып, ұтып алғанымды айтты. Әуелде сенген жоқпын. Кейін бәрін тексеріп, расталған соң ғана қуандым, — дейді ол.

Қатыса бастағанына шамамен бір жарым – екі жылдай болған екен.
— Бұған дейін ұсақ соммаларды ұтқанмын. Сол жеңістер маған сенім берді, — дейді.

Билетті екі жолмен алады: жұмыста отырғанда онлайн, демалыс кезінде қағаз билет.

— Көбінесе өзім сандарды таңдаймын. Сүйікті сандарым бар, бірақ ол құпия, — дейді Әлібек күлімдеп.

 

Шымкент пен сәттілік: лотерея жеңімпаздарының мекені

Шымкент соңғы жылдары «жолы болған жандар» шыққан өңірлердің бірі.

Бұған дейін тағы бір шымкенттік тұрғын TeleBingo-да пәтер ұтқан, ал тағы бірі 5/36лотереясында 12 миллион теңге ұтып алған еді.

Ал кейде жолы болғандармен қатар, жолдан жаңылғандар да табылды. Бір тұрғын Instagram-да «жалған лотерея» ұйымдастырып, 96 миллион теңге заңсыз табыс тапқан. Тағы бір блогер заңсыз ұтыс ойнатып, сот үкімімен айыппұл төлеген.

Бұл — лотереяға қатысты үміт пен сенімнің шынайы бет-бейнесі ғана емес, сонымен қатар жауапкершілік пен заң тұрғысынан сабақ болар жайт.

 

Қарапайым адамның үлкен арманы

Әлібектің жеңісі — жай ғана ақша емес, сенімнің жеңісі.
Күзет орнында отырған талай түнінде ол ойға шомып, «бір мүмкіндік болса ғой» деп іштей тілеген болар. Сол мүмкіндік бүгін есік қақты.

Бұл ұтыс — тағдырдың тосын сыйы емес, үмітін үзбегеннің сыбағасы.

Жолы болмай жүрген адамның жолы ашылуы үшін алдымен сенімі ашылу керек.

Әлібектің сенімі ашылды — соңы жеңіске ұласты.

Жеңіс жайлы хабар келгенде, оның көңіл-күйі күрт өзгерген.

— Алғаш естігенде сеніңкіремедім. Бірақ бәрі расталған соң ғана қуандым, — дейді ол.

Күмән мен қуаныштың арасындағы сол сәт — әр адам бастан кешетін ішкі арпалыстың айнасы сияқты.

Бүгін Әлібек — сабырлы. Отбасына бұл жаңалықты әлі айтпаған.
— Уақыты келгенде бөлісемін, — дейді.

Бұл сөздің артында да үлкен парасат жатыр. Өйткені, қуаныштың да өз уақыты, өз сабыры болады.

 

Жеңіс — жолдың соңы емес

Көп адам ұтысты өмірдің шарықтау шегі деп қабылдайды. Ал шын мәнінде — ол жаңа бағыттың басы. Әлібек те соны түсініп отыр.

— Бұл жеңіс өмірімді жеңілдетсе де, жауапкершілікті арттырады, — дейді ол.

Қарапайым күзетшіден үлкен жеңімпазға айналған ол — «сәті түскеннің» емес, «сенгеннің» үлгісі.
Оның хикаясы әр қазаққа ой саларлық:
еңбек пен үміт қатар жүрсе, нәтижесі міндетті түрде болады.

 

«Жүз ұтыс, бір көлік: LOTO 6/49-да алтын күзі»

Күз — тек жапырақтың сарғаюы мен аспанның сұрлануы емес. Бұл жолы ол — алтын мүмкіндік пен жаңа үміттің маусымы.
LOTO 6/49 лотереясы осы қарашаны нағыз халықтық мерекеге айналдырып отыр: 20 000 000 теңге көлеміндегі 100 ақшалай сыйлық пен жаңа кроссовер — осы маусымның басты олжасы!

Бұл жолғы науқан халық арасында жай ғана көңіл көтеру ғана емес, үміт пен әділдіктің мерекесіне айналмақ.

 

 

 

 

Қатысу қиын емес — бар болғаны 5 000 теңгелік билет алу жеткілікті. Билетіңіз онлайн да, қағаз түрінде де жарайды.
Сосын YouTube-арнадағы тікелей эфирде ұтыстың әр сәтін өз көзіңізбен көресіз.

Бірінші ұтыс — 31 қазан күні, сағат 22:00-де.
Ол күні 33 адам 200 000 теңгеден иеленеді.
Қатысу үшін 24 қазан 10:00 мен 31 қазан 21:45 аралығында билет алу қажет.

Екінші кезең — 7 қараша күні, сағат 22:00-де.
Тағы да 33 жеңімпаз өз сыйлығын алады.
Бұл жолы 31 қазан мен 7 қараша аралығында алынған билеттер қатысады.

Үшінші ұтыс — 14 қараша күні, сағат 22:00-де.
Соңғы кезеңде 34 адамға 200 000 теңгеден бұйырады.
Барлығы — 100 адам, және біреуі — жаңа кроссовердің иесі атанады.
Темір тұлпардың кілтін ұстау — кімге де болса арман емес пе?

 

Лотереяның артындағы үлкен миссия

LOTO 6/49 тек ұтыс емес — қоғам алдындағы жауапкершіліктің көрінісі.Ұйымдастырушылар әлеуметтік жауапкершілікті басты қағида етіп отыр. Әр ұтыстан түскен операциялық табыстың 10% — ел спортының дамуына, тағы 10% — «Қазақстан Халқына» қоғамдық қорына және 3% «Креативті индустрияны дамыту қоры» ұйымына бағытталады.

Демек, әр билет — тек үміт емес, елге пайда әкелетін үлес.
Бұл — ойыннан асып, қоғамға қызмет етудің жаңа формасы.

 

LOTO 6/49 — бүгінде кездейсоқтықтың емес, үміттің брендіне айналды. Әлібектің жеңісі соның айғағы. Алда тағы жүздеген мүмкіндік тұр. Кім біледі, келесі жолы дәл сіздің билет нөміріңіз жеңімпаздар қатарынан табылар. Ел ішінде жиі айтылатын бір сөз бар:«Жолы болмаған адам жоқ, тек өзіне сенбеген адам бар.»

Сол сенім бар жерде ұтыс — ертегі емес, өмірдің өз көрінісі.
Ендеше, алтын күзді құр тамашалап қана қоймай, өз сәтіңізді сынап көріңіз.

Өйткені, LOTO 6/49 — бұл жай ғана лотерея емес,
үміт пен жауапкершіліктің ұтқыр символы.

 

Қорытынды орнына

Біз ulys.kz оқырмандарына осы оқиғадан бір ғана ой түйеміз:
үміт бар жерде мүмкіндік бар. Сенім бар жерде нәтиже бар.
Күнделікті тіршіліктің арасында адамды ұстап тұратын бір-ақ нәрсе — үміт.
Сол үміт сөнбесе, жеңіс кешікпейді.

Әлібек сияқты адамдар — өмірдің нағыз батыры.
Ал тағдыр кейде дәл сондайларға тосыннан бақыт ұсынады.

Жеңіс — соңғы аялдама емес. Ол — жаңа сапардың бастамасы.
Сондықтан, біз де Әлібекке табыс, береке және ақ жол тілейміз.
Ал сіз, қадірлі оқырман, есіңізде сақтаңыз:

Үміт үзілген күні ғана жеңіс алыстайды.

«Жыраулардың киесін тірілту – біздің мақсатымыз»
30 қыркүйек 2024
«Жыраулардың киесін тірілту – біздің мақсатымыз»

 ҚР еңбек сіңірген қайраткері, талантты жыршы   Елмұра  Жаңабергенмен сұхбат

 - Елмұра Манасқызы, өнер сүйер қауым сіздің қазақ сахнасын 35 жылдай дәстүрлі әніңізбен қатар жыршылық өнеріңізбен де тербеп келе жатқаныңызды біледі. Әңгіме басында айта кетіңізші, адами құндылықтар өзгеріске ұшырап жатқан қазіргі жаһандану дәуірінде жыршылық өнерге деген халықтың ықыласы қалай?

-  Кезінде ата-бабаларымыз қандай ауыр заман, қандай қиын саяси төңкерістер болып жатқанның өзінде жыраулық өнердің мәртебесін биік қойған. Қазіргі таңда өзін қазақпын дейтін әрбір азамат бұл өнерді жоғары бағалап, ерекше ықылас-ниеттерін білдіріп жатады. Десек те, қазіргі жаһандану дәуірінде өскелең ұрпақтың талғамы өзгеріп жатқанын бәріміз де көріп-біліп жүрміз. Осы ұрпаққа ұлттық құндылығымыз саналатын дәстүрлі жыршылық өнерінің мәртебесінің қашанда биік екенін саналарына сіңіру үшін біраз насихаттың керегі рас. Мен телеарналардан жыршы, термешілерге арналған арнайы бағдарламалар ашылса екен деймін. Көптеген концерттер ұйымдастырылып, байқаулар да жиі өткізіліп тұрғанын қалар едім. Бүгінде өткізіліп жүрген жыршы-термешілерге арналған байқаулардың жүлделері мардымсыз. Шумақ-шумақ жырлар жаттап жырлайтын оларға көлік, үй тіксе де көп болмас еді. Жыраулардың киесін тірілту – біздің негізгі мақсатымыз болуы керек.       

- Осы мақсатта нақты қандай жұмыстар атқарып жатырсыздар?

Шамамыздың келгенінше жасап жатқан істеріміз көп ғой. Соның біріне тоқтала кетейін. Елордадағы Ұлттық өнер университетінде дәстүрлі ән кафедрасының ішінде жыраулық дәстүр мамандығы бар. Мен ұзақ жылдан бері осында ұстаздық етіп келемін. Негізі жыраулық өнер өз алдына жеке кафедра болатындай мүмкіндігі бар. Ректорымыз биыл осыны қолдап, министрлікке ұсыныс жасады. Алдағы уақытта ол оң шешімін тауып, дәстүрлі жыр мамандығы өз алдына үлкен бір кафедра болып қалар деген үмітіміз бар. Негізі елімізде жыраулық академия ашылса да артық болмас еді.

- 2015 жылы Астана қаласындағы "Қазақстан" концерт залында «Аралым айдын шалқарым» атты ән-жыр кешіңіз өте жоғары деңгейде өткен еді. Өткен жылы да шығармашылығыңыздың 35 жылдығына орайы біраз мәдени іс шаралар өткізілді. Осы туралы айта кетсеңіз?  

- Биыл менің сахнада жүргеніме 36 жыл толып отыр. Оны мен 17 жасымнан бастап есептедім. Былтыры шығармашылығымның 35 жылдығына орай Өнер университеті «Ұстаз тағылымы» атты жыр кешімді ұйымдастырып берді. Оған республикамыздың әр өңірінен ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері С.Жанпейісова, А.Қосанова, А.Исатаева, А.Елшібаева, К.Төленбаева, Г.Сарина, А.Балажановалар мен ҚР Мәдениет қайраткерлері Р.Сүлейменова, Ж.Даңылбаевалар сынды өнер иелері шақырылып, әннен шашу шашты. Сонымен қатар, Д.Жолымбетов, А.Тәңірбергенов, М.Сәрсенбаева, А.Ноғайбаева, М.Сүгірбаев сынды жыршы шәкірттерім өз өнерлерін көрсетті. Елімізге белгілі күйші Б. Дүйсенғазиев маған арнаған "Елмұра" күйін тарту етті. Ақиық ақындар С.Тұрғынбеков, Ш.Сариев, Ш.Ділдебаев, Қ.Сарин, С.Досжановалардың шығармашылығыма арналған өлеңдері оқылды. Бұл концерттің бір ерекшелігі төрт сағатқа созылғаны. Соның ішінде Мәулімнияз, Едіге, Орақ Мамай, Сартай дастандарынан үзінділер орындалды. Мен лық толы залдағы көрермендердің төрт сағат бойы қозғалмастан отырып, жыр тыңдағандарына риза болдым. Ел-жұртымның менің әнімді сағынып қалғанын байқадым. Осы «Ұстаз тағылымы» атты жыр кешімді кейін Қызылорда, Ақтау қалаларында өткіздім.

Сонымен қатар осы кеште  "Арал, Қазалы өңірінің жыраулық дәстүрі" тақырыбында жазылған ғылыми монографиям жарық көріп, тұсаукесерін жасадық. Оған жан-жақтан келген академиктер мен ғалымдар қатысты. Академиктер Б.Омаров, О.Жолмұрзаевтар мен А.Шәріп, Ә.Бәрік, Ж.Мәлібеков, А. Алматов, С.Елеменова, Р.Нұртаза сынды өнертанушы ғалымдар болды. Осылай 2023 жылдың 25-мамырында өткен кешіміз өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды.  

- Қателеспесем, «Дүрлердің дүбірінен жеткен дауыс» атты шығармашылық концертіңіз де былтыры өткен еді ...

- Дұрыс айтасыз, өткен жыл менің шығармашылығым үшін өте табысты жыл болды.  Ол концертім 2023 жылдың желтоқсанында "Көшпенділері үні" халықаралық фестивалінің аясында өтті. Халықаралық деңгейде өткен "Дүрлердің дүбірінен жеткен дауыс" атты  жеке шығармашылық кешім Мәдениет министрлігінің қолдауымен «Қазақстан» орталық концерт залында болды. Концертке ұлттық өнер орталығының әртістері, «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі және ҚР МКҚ Президент оркестрі, «HASSAK» этно-фольклорлық тобы және шет елдік қонақтар А.Сұлтанбеков (Түркия Республикасы), Ферияль Башель (Түркия Республикасы), Альпер Кырача (Түркия Республикасы), Роза Аманова (Қырғыз Республикасы), Гүлнәр Алламбергенова (Қарақалпақстан Республикасы) және фольклортанушы ғалым, эпик жыршы Берік Жүсіпов, әнші Асқар Мұқият, Салтанат Ерсұлтан сынды өнер майталмандары қатысты. Маған арналған "Елмұра" күйін оркестр, ал дүниеден өткен ата-анама арнаған өзімнің күйімді "Астан сазы" орындады. Мен көптен бері орындалмай келген шығармаларымды айтып, халқыма тарту еттім. Ақын, шайыр, ұстаз Нұртуған Кенжеғұлұлының "Қанекей сөйле, қызыл тіл" шығармасын шет елден келген достарыммен бірге бірігіп орындап, халықты дүр сілкіндіріп, көрермендерді орындарынан тұрғыздық. Әсерлі мұндай концертті еліміздің әр қаласында өткізуге болатындай еді, әттең оған қолдау болмады. Осы концертті өткізуге қолдау көрсеткен сол кездегі Мәдениет министрі А.Райымқұловаға және Роза Бағланова атындағы "Қазақ концерт" ұжымы мен жетекшісі Тайыр Қаратайұлына мың да бір алғысымды білдіремін. Сөздің реті келіп тұрғанда айта кеткенім дұрыс болар, мен Өзбекстанда өткен Халықаралық «Бахшы» жыраулар сайысында екінші орын алдым. Жақында Арал ауданының Құрметті азаматы атандым.

- Қазіргі таңда дәстүрлі жыршылық өнердің насихатталуы қалай?

- Бүгінде жыршылық өнердің насихатталуы керемет немесе нашар деп айта алмаймын. Бірақ, оларға мемлекеттік тұрғыда үнемі қолдау жасалынып, насихатталып тұруы керек. Дәстүрлі жыршылық өнерді дәріптеп, насихаттап жүрген өнер иелері өте азбыз. Осы өнеріміз ертеңгі күні тек қана мұражайларда тұрып қалмаса екен деймін. Алда үлкен технологиялық дамыған қоғам келе жатыр. Осындай қоғамдағы адамдардың рухани ой-өрісі, бойындағы күш-қуатының бәрі робот тектес болып қалмаса екен. Адамзаттың өзінің даму жолында рухани күш-қуаты өз бойында болып, елін-жерін, отанын сүйетін үлкен тұлғалар қалыптасып, қазақылығымыздан айырылып қалмасақ екен деген зарым бар.

Кезінде Тұңғыш президент бізді ұлттық құндылықты дәріптеу мақсатында Алматыдан арнайы шақыртумен алдырған еді. Тәуелсіз еліміздің қалыптасу жолындағы қаншама мәдени іс-шараларда өнер көрсеттік. Өкініштісі, соңғы кездері жыршылық-термешілік өнерге деген немқұрайлылықты байқайтындаймын. Жақында ғана "Көшпенділер ойыны" халықаралық фестивалінің бірде-бір мәдени іс-шарасына біз шақырылмадық. Басқа да мемлекеттік деңгейде өтіп жатқан мәдени шараларға шақыртуларды аз алып жатамыз. Ұлттығымызды ұлықтайтын жыршылық өнердің мәртебесі қашанда биік болып келген. Ол қазақтың қанымен, жанымен біте қайнасып келе жатқан өнер. Ол өмірімізден өше бастаса қазақилығымыздан айырылып, ұлттығымызды жоғалта бастарымыз хақ.

- Бір әңгімеңізде «қазіргі коуч, тренер, психологтардың айтып жүргендерін кезінде жыршылар айтып тастаған» деп едіңіз...

- Біздің ұлттық құндылығымыздың бәрі - жыр-дастандарымызда, терме-толғауларымызда насихат, өсиет, қаншама ақылнама болып тұнып тұр. Оларды жыраулардың шығармаларына үңілсеңіз, кеңінен тауып аласыз. Жыраулардың шығармасы – тұнып тұрған қазақ философиясы. Онда адамды тәрбиелеудің небір ақыл-кеңестері бар. Қазіргі психолог, коуч дегендердің айтып жүргендерінің бәрі, яғни адам тәрбиелеуге қатысты ақыл-кеңестер онда тұнып тұр. Жыршылар қара халық пен ханның арасындағы алтын көпір болды. Қазір әркім ақылшы болып кетті. Әркім ойына келгенді айтатын дана болуда. Болмасын емес, бәрі болсын. Алайда қазіргі айтылып жатқан әңгімелердің бәрі шет елдің және орыс психологтарының жазғандары мен айтқандары. Бізге олардың керегі де жоқ. Көре білген, түсіне білгендерге өзіміздің жырауларымыздың сөздерінің өзі жеткілікті. Мысалы Нұртуған ақын айтады:

Дүние мекен болдың сен кімдерге,

Өмір шат еңбек етсең білгендерге,

Келген соң дүниеге ауа жұтып,

Болады әркім құмар әр өнерге. 

Өмірде білім иесі адамда бар,

Дүниеге риза болып келгеніңе.

Арасы жақсылықтың түрлі-түрлі,

Даурығып жұрт айтқанға сырттай сенбе.

Өмірде жақсы да бар, жаман да бар,

Жұғымсыз жорғалайды кей жермен де, 

Жағымпаз жағынады жарамсақтап,

Жүктейді суайттығын қызыл тілге.

Қойнына жылан салып отырады,

 Сырты қас,  іші жылмаң көз көргенге.

Өсекті өнер-білім пұлсыз тасып,

Жүреді сөз арқалап бірден бірге.

Дос жекжат жаныңнан да жақынырақ

Залым да ең асылдың бәрі өзіңде, - деп насихатты төгіп-төгіп, ақыл-кеңесті айтып келеді де:

Ей адамда, адам болсаң сыпайы бол,

Адамның зіл тұрмасын мінезінде, - дейді. Біздің қазіргі айтып жүрген сөздеріміздің барлығының түйіні осы. «Адамдар, адам бол, сыпайы бол» дейді. Көркем мінез, сабыр, ақыл, жігер, күш еңбектің бәрі – осы екі шумақта жатыр. Осындай жыраулардың әрбір сөзін тыңдасаң күш, энергия, рух аласың. Жүдеп жүрген санаңды, құлазып жүрген көңіліңді жыраулар ғана емдейді. Сондықтан да жырауларға ерекше қолдау жасалынып, оларға кәдуілгідей қорған болу керек.

 - «Шәкіртсіз ұстаз тұл» дегендей, қандай үздік шәкірттеріңіздің өнеріне, талантына тәнті болып отырасыз?   

- Құдайға шүкір, менің талантты шәкірттерім өте көп. Биыл ғана бітіріп кеткен шәкіртім Нұрайым Ерталап сегіз дастанды, қаншама терме-толғауларды және мақамдарды жатқа біледі. Оған біраз дүние үйреттім. Мен әрбір шәкіртіме айтып отырған жыр-термесіндегі адами құндылықтардың бойларынан да табылуын қадағалап айтамын. Әйтпесе, көп адамдар жаттанды түрде ауызы көл, істеген ісі шөл болып жүреді. Жырау өзі жырау болғаннан кейін сол жыршы, термеші деген атқа лайықты болуы керек. Аузынан шыққан сөзі, істеген ісі, киген киіміне дейін үйлесімділікте, сүйкімді, сыпайы, жігерлі, ақылды, үлгі алатындай деңгейде болуы керек. Елді соңынан ерте алатындай болуға тәрбиелеймін. Нұрайымым биыл Астана филармониясына қызметке орналасты. Сонымен қатар, менің Әлихан Дүйсенбай есімді өнерлі шәкіртім «Қазақ концертте» жұмыс жасауда. Айта берсем, талантты шәкірттерім көп. Солардың ішіндегі Элвира Есназарова, Бағдаулат, Арайлым Өмірбекова, Қасемхан Кішкенеев, Абылайхан Бектасов және Айнұр Қонысбаева сынды шәкірттерімнің жетістіктерімен қуанып жүремін. Жоғары оқу орнында да талантты шәкірттерім өсіп келеді. Аллаға шүкір, бабаның мұрасын аманат етіп алып жүрген шәкірттерімнің барына қуанамын.   

- Сұхбат бергеніңізге рахмет!

 Авторы: Мара Келес

 

 

 

 

 

 

Құпия сапар, жасырын қуаныш: Әминаны Алматығажетелеген 15 миллион теңгелік мүмкіндік
27 қараша 2025
Құпия сапар, жасырын қуаныш: Әминаны Алматығажетелеген 15 миллион теңгелік мүмкіндік

Кейде адамның өмірін өзгерту үшін үлкен дайындықтыңқажеті жоқ. Бір сәт қана — тағдырдың тылсымнан тартқанжелі, бір билет, бір қоңырау… Шымкенттің қарапайымқызы Әмина үшін дәл сондай күн 23 қараша болды. TeleBingo-ның тікелей эфирінде ойнатылған 15 миллион теңгелік пәтер дәл соның маңдайына жазылды.

 

Бірақ бұл — құрғақ ұтыс жаңалығы емес. Бұл — қуанышынішіне бүгіп, бар сырын жүрегіне сақтаған жас әйелдің үнсізжеңісі. Тағдырлы күннің ар жағында үлкен толқу, жасырынсапар және өзгеше қуаныш жатыр.

 

«Алғашында өзім де түсінбей қалдым…»

Әмина лотереяға жаңа ғана қызыға бастағандардың бірі. Кейде билет алады, кейде мүлде ойламайды. «Маған да біркүнде үлкен ұтыс бұйырар» деген ой басына келмеген. Бірақәлсіз үміттің артында күшті мүмкіндіктің жасырыныптұратынын адам көбіне кейін түсінеді.

 

Телефон шыр етіп, TeleBingo мамандары пәтер ұтқанынайтқанда, Әмина сасып қалады.

«Алғашында түсінбедім. Не болып жатқанын ұға алмайқалдым. Біртүрлі басым айналып кетті…» — дейді ол солсәтті еске алып.

 

Оқиға болған сәтте ол жұмыста, әріптестерінің ортасындаеді.

– Не болды? Бірдеңе естідің бе? – деп сұрай бастағандарболды.

Бірақ Әмина ешкімге тіс жармай, қуанышын жан дүниесінежасырып үлгерді. Қуаныш үлкен болған сайын, адам оны бірден бөлісуге қимайды.

 

Алматыға баратын сапарды «командировка» деп түсіндірді

Ұтысты рәсімдеу үшін Әмина Алматыға жол тартты. Бірақбұл сапардың шын мәнін ешкімге ашпайды. Үйдегілерге:

«Жұмыс бойынша командировкаға бара жатырмын» — депайтып шығады.

 

Бұл — сақтық. Бұл — қауіпсіздік. Бұл — өз өміріндегі еңүлкен қуанышты әлі ешкіммен бөліспей, жаңа баспанағасенімді түрде қадам басудың тәсілі.

Әмина кездескен мамандарға:

* видеосъемкаға түспейтінін,

* суреттерде өзі көрінбейтінін,

* жеке мәліметтерді жариялағысы келмейтінін

алдын ала ескерткен.

 

Түсінуге де болады: бұл – оның ең алғашқы меншіктіпәтері. Жас, тұрмыс құрмаған, кейтеринг саласындатұрақты жұмыс істейтін қыз үшін бұл қадам — жаңаөмірдің есігі.

 

TeleBingo мен LOTO 6/49: бір билеттің артындағы жаңамүмкіндік

TeleBingo биылдың өзінде 13-рет пәтер ойнатты. Ал бұлжолғы басты жүлде — Әминаға бұйырған 15 миллион теңгелік баспана. Қатысу үшін көп талап жоқ: бар болғаны 3 500 теңгелік ЛотоЖинақ сатып алу жеткілікті.

 

Әмина тек TeleBingo-мен тоқтап қалмай, LOTO 6/49 да қатысады. Лотереяның бұл түрінде де ай сайын автокөлікиесі анықталады. Келесі қосымша ұтыс — 28 қараша күні, сағат 22:00-де Satty Zhuldyz YouTube-арнасында өтеді.

 

Сатып алу да қиын емес: 3 000 теңгелік ЛотоЖинақ — сатунүктелерінде де, sz.kz сайтында да бар.

 

Қазақ «несібесі бардың — несібесі тартады» дейді. Кімгеқандай игілік бұйыратынын тағдырдың өзі біледі. Біреуге – маңдай терден, біреуге – осындай тосыннан келгенмүмкіндік арқылы.

 

«Менің жолым болды. Енді сіздерге де тілеймін»

Әмина алған әсерімен бөлісіп:

«Әлі күнге дейін сенбей жүрмін. Мүмкін емес сияқты. Бірақтағдыр осылай күліп қарады. Барша қатысушыларға сәттіліктілеймін. Менің жолым болғандай, сіздерге де жол болсын», — дейді.

 

Бұл — оның жеке қуанышы ғана емес, мыңдағанқазақстандыққа келген үміттің жаңғыруы. Өйткені біреудіңжолы болып жатса, екіншісінің де жолы ашылатынынасенім артады жұрт.

 

ULYS түйіні

Әмина — жай ғана TeleBingo жеңімпазы емес. Ол — біркүнде өмірін өзгертуге мүмкіндік бар екенін дәлелдегенқарапайым қазақ қызы.

15 миллион теңгелік баспана — оның жаңа бастамасы, жаңатынысы, жаңа белесі.

 

Бір билет — бір мүмкіндік.

Бір қоңырау — бір тағдырдың өзгерісі.

Бір сәт — жаңа өмірдің есігі.

 

Қазақтың әр шаңырағына осындай қуаныш бұйырсын.

Үміт үзілмесін. Несібенің жолы тоқтамасын.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.