Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Қаңтар оқиғасына байланысты қамауда отырған Қайрат Құдайберген депутат мандатынан айырылды

Алматы қаласы мәслихатының құрамынан қаңтар оқиғасына байланысты қамауда отырған кәсіпкер Қайрат Құдайберген шығарылды.

Мәслихаттың баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін кезектен тыс XXIII сессия өтті. Сессия барысында Алматы қаласы аумақтық сайлау Комиссиясының қаулысы және «AMANAT» пен «Қазақстан Халық партиясы» партиялары филиалдарының шешімдері негізінде және берілген өтініштерге сәйкес 11 депутатты алмастыру (ротация) жүргізілді.

«Партиялар тарапынан өз құрамынан келесі мүшелер шығарылды: Қ.Қ. Құдайберген «AMANAT» партиясынан, А.Б. Абылқасымова Қазақстан Халық партиясынан және А.Т. Шапенов Қазақстан Халық партиясынан (өз қалауы бойынша)», - делінген мәслихат хабарламасында.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала