Валюта бағамы
USD - 476.22
EUR - 490.15
RUB - 7.81

Қаңтарда ұрланған 2 мың қару әлі қылмыскерлердің қолында – Бас прокуратура

Көріністер: 4

Қаңтар оқиғалары кезеңінде ұрланған 846 қару табылды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Қылмыстық қудалау қызметі басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұрланған атыс қаруларын анықтау жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Шымкент қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдары Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Осы орайда Түркістан облысының 2 тұрғыны ұсталды. Олардан «Камерад» аңшылық дүкенінен ұрланған екі «Сайга-12» карабині мен пневматикалық мылтық табылды», - деді Елдос Қилымжанов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен қатар ол Таразда қару сақталған «қойма» табылғанын айтты. Одан Жамбыл облысы полиция департаментінен ұрланған 1 «Калашников» автоматы, 2 «Макаров» тапаншасы, «SHTURM» шабуыл мылтығы, 1 граната және оқ-дәрілер тәркіленді.

«Жалпы, ел бойынша құқық қорғау органдары қаңтар оқиғалары кезеңінде ұрланған 846 ойық және тегіс ұңғылы қаруды тапты. Ұрланған қарудың 2 мыңнан астамы әлі де қылмыскерлердің қолында екенін, бұл өз кезегінде қауіп төндіретінін атап өткен жөн. Осы ретте заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Дегенмен, олардың әрекеттерінде өзге де қылмыс құрамы болмауы тиіс. Ал адамды құқық қорғау органдары қарумен ұстап алған жағдайлар ерікті түрде тапсыру деп танылмайды», - деді Бас прокуратура өкілі.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала