Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Шығыс Қазақстанда жоғалып кеткен бала аман-есен табылды

Шығыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен аутизммен ауыратын 12 жасар бала тереңдігі 3 метр болатын шұңқырдан табылды.  Облыстық Полиция департаменті оған орталық балалар ауруханасында алғашқы медициналық көмек көрсетіліп жатқанын, кейін ата-анасына тапсырылатынын хабарлады.  
Сөйлей алмайтын әрі  эпилепсиямен ауыратын баланы 500-ге жуық адам іздеген еді.

14 тамызда түнгі сағат 02:30 шамасында үйден шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған Темірлан Ахмеджанов бүгін көпір маңындағы шұңқырдан табылған болатын. Оны тапқан ШҚО Полиция департаменті арнайы жасағының қызметкері Тілек Ерлібековтің айтуынша, бала шұңқырдан өз еркімен шығуға құлшыныс білдірмеген. Жеткіншек аутизмге шалдыққаны бұған дейін хабарланды.

«Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов кәмелетке толмаған Темірлан Ахмеджановты іздеуге қатысқандардың еңбегін жоғары бағалап, алғысын білдірді. Әр минут санаулы болатын. Бала табылған шұңқырдың тереңдігі үш метрді құрады. Түнгі уақытта температураның төмендігін ескеретін болсақ, оқиға қайғылы аяқталуы мүмкін еді. Қазіргі уақытта іздеу операциясы аяқталды. Іздеуге 400-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылды. ШҚО Полиция департаменті арнайы жасағының қызметкері Тілек Ерлібековтың қырағылығының арқасында бала аман-сау табылды. Баланы тапқаны үшін министр Марат Ахметжанов полицейді «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» ведомстволық медалімен марапаттады», - делінген ШҚО полициясы таратқан мәліметте. 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала