Валюта бағамы
USD - 451.75
EUR - 490.40
RUB - 4.89

Дариға Назарбаеваның депутаттық  өкілеттілігі тоқтады

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің қызы Дариға Назарбаеваның депутаттық  өкілеттілігі тоқтату туралы шешім шығарылды.

 

Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату жөнінде қаулы шығарды. Бұл жайында комиссияның ресми сайтында жарияланған құжаттан белгілі болды.

 

«Бүгін мәжіліс депутаты өкілетінен бас тарту туралы шешім қабылдадым және күш-жігерімді қоғамдық, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық қызметке жұмсаймын» деп жазылған Дариға Назарбаева атынан таратылған мәлімдемеде.

Онда ол «Nur Otan»-ға дауыс берген қазақстандықтарға, партия мүшелеріне және ел билігіне «өзіне артқан сенімі үшін» алғыс білдірген. Ол мәлімдемеде өзінің кету себебін түсіндірмеген. Қаңтар оқиғасын «жан-жақты мұқият» зерттеу қажеттігін атап өтіп, «кінәлілер әділ жазалануы тиіс, кінәсіздер босатылуы керек» деп жазған. Қанды қырғыннан «сабақ алу» қажеттігін алға тартқан.

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала